Павлодар облысының бұрынғы әкімінің кеңесшісі Т.К.Бастенов және басқа да тұлғаларға қатысты қылмыстық іс қарауы басталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі Мамандандырылған ауданаралық сотында Павлодар облысының бұрынғы әкімінің кеңесшісі Т.К.Бастенов, облыс әкімінің бұрынғы орынбасары А.Д.Әбдіқалықов, Семей қаласында орналасқан «СДЕ» өндірістік кооперативінің басшысы З.М.Мансұров, аталмыш кооперативтің жұмысшысы Б.Н.Апсалямов және Павлодар қаласының тұрғыны Г.Т.Борамбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы басталды.

Қылмыстық іс бойынша басты сот отырысы ашық түрде өткізілуде. Сот айыптау актісі бойынша Павлодар және Семей қалаларында тұратын 29 куәгерден жауап алудан бастады.

Павлодар облысы әкімінің бұрынғы орынбасары А.Д.Әбдіқалықов және бұрынғы әкімнің экс-кеңесшісі Т.К.Бастенов алаяқтық жасағандары үшін айыпталуда, яғни, ірі көлемде мемлекеттік лауазымды тұлға бола тұра, алдын ала сөз байласып, топ құру арқылы алдау жолымен, өздеріне байланысты емес мән-жайлардың себебінен қылмысты аяғына дейін жеткізбеу, сонымен қатар, лауазымды қызметтегі тұлғаға аса ірі көлемдегі параны беруге үгіттеу фактілері бойынша.

«СДЕ» өндірістік кооперативінің басшысы З.М.Мансұров және аталмыш кооперативтің жұмысшысы Б.Н.Апсалямов ірі көлемде параны делдал арқылы жауапты мемлекеттік лауазымды тұлғаға, алдын ала сөз байласып, топ құру арқылы беру, өздеріне байланысты емес мән-жайлардың себебінен қылмысты аяғына дейін жеткізбеу фактісі бойынша айыпталуда.

Павлодар қаласының тұрғыны Г.Т.Боромбаев қылмыстық жолмен, топ құру арқылы, алдын ала сөз байласып, аса ірі көлемдегі параны жауапты мемлекеттік лауазымдағы тұлғаға беруге үгіттеу фактісі бойынша айыпталуда.

Қайнар: 
Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі Мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі