Пресс-служба СМАС Павлодарской области

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар қаласының тұрғыны кәмелетке толмаған Т.-ны мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу кезегіне қалпына келтіру туралы талап қоюмео сотқа жүгінді.

Істің мән-жайлары:

1) кәмелетке толмаған Т.-ның анасы ата-ана құқығынан айырылған, әкесі қайтыс болған;

2) талапкер (әкесі жағынан әже) кәмелетке толмаған баланың қамқоршысы;

3) кәмелетке толмаған Т.-ның, анасы мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алғандықтан тұрғын үй кезегінен шығарылды.

Уәкілетті органдар соттың сұрауына жауап ретінде келесі ақпаратты ұсынды:

1) кәмелетке толмаған Т. анасы ата-ана құқықтарын қалпына келтірілмеді;

2) қыз қалада қамқоршымен тұрады;

3) кәмелетке толмаған баланың анасында басқа отбасы бар. Басқа ауданда тұрып, әлеуметтік баспанаға ие болған.

Соттың белсенді рөл қағидасы бойынша сот тараптармен татуластыру рәсімін жүргізді. Әкімдік кәмелетке толмаған Т.-ның бұрынғы кезегін қалпына келтіруге келісті.

Тараптардың татуласуына байланысты сот ұйғарымымен талап қою қайтарылды.

Сот актісі заңды күшіне енді, орындалды.

Осылайша, медиация арқылы баланың тұрғын үй құқығы қысқа мерзімде қалпына келтірілді.

Источник: 
Павлодар облысы МАӘС баспасөз қызметі