Сот А.Маткаримованы 1 жылға көлік басқару құқығынан айырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар қаласының Мамандандырылған әкімшілік сотына 2015 жылы ақпанның 13 күні сағат 16.20-да азаматша А.Е.Маткаримоваға қатысты ҚР ӘҚБТК-нің 610 бабы 1 бөлігі –  «Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жол құрылыстары мен басқа құрылыстарды немесе өзге де мүлiктi бүлдіруге әкеп соққан, материалдық залал келтiрген бұзушылығы» және ҚР ӘҚБтК-нің 611бабы 2 бөлігімен – «Жүргізушінің жол жүрісі қағидаларын бұзып, өзi қатысушы болып табылған жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалуы» баптары бойынша әкімшілік іс келіп түскен.

Аталған әкімшілік істер автоматтық түрде істерді бекіту талаптарына сай осы соттың судьясы С.М.Искакбекованың өндірісіне беріліп, сот отырысы 2015 жылы ақпанның 20 күні сағат 10.00-ге тағайындалды.

Сот мәжілісіне құқықбұзушы А.Е.Маткаримова мен жәбірленуші З.О.Шакированың келмеу себебіне байланысты әкімшілік іс тараптардың қатысуынсыз қаралды.
Сот қаулысы бойынша құқықбұзушы А.Е.Маткаримова ҚР ӘҚБтК-нің 611 бабы 2 бөлігімен кінәлі деп танылып, 1 жылға арнайы көлік құралын басқару құқығынан айырылды, ал ҚР ӘҚБтК-нің 610 бабы 1 бөлігімен іс құқықбұзушылық құрамының болмауына байланысты өндірістен қысқартылды.

Қайнар: 
Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі