Сыбайлас жемқорлық ісі бойынша үкім шығарылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2024 жылғы 26 наурызда Ақсу қалалық соты «Ақсу қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы О.-ға қатысты пара алу және қызметтік жалғандық жасау фактісі бойынша (ҚК 366-б. 2-б., 369-б. 1-б.) қылмыстық істі қарады.

Сот нені анықтады

2024 жылдың ақпан айында «Ақсу қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ бас маманы О. азамат Ш.-дан ауыл шаруашылығы техникасын пайдалануға рұқсат беретін тракторшы куәлігін заңсыз дайындау үшін 100 000 теңге алды.

Сот не үшін және қандай жаза тағайындады?

О.-ның қылмыстарды жасаудағы кінәсі куәлардың айғақтарымен, оның мойындауымен, заттай және құжаттамалық дәлелдемелермен дәлелденді.

О.-ның жасаған қылмыстары үшін заңда балама жазалар көзделген.

Сот кінәсін мойындауын, жасаған әрекетіне өкінуін ескере отырып, О.-ға мемлекеттік қызметте, судья, жергілікті мемлекеттік органдарда және т.б. лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 5 миллион теңге көлемінде айыппұл тағайындады.

100 000 теңге көлеміндегі пара мемлекет пайдасына тәркіленді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақсу қалалық сотының баспасөз қызметі