Архив событий

19/05/2017

Түнгі уақытта алкогольдік өнімді сатқаны үшін әкімшілік айыппұлға тартылды

19/05/2017

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік соты   «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодексінің 200-бабының 3-бөлігімен (қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу) әкімшілік жауапқа тартылған азаматша О.-ға қатысты әкімшілік істі қарады..

Сот актілерінің орындалуы

19/05/2017

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Сот актілерін орындау» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

Шараға сот төрағасы Н.Е.Есенжолов, судьялар С.М.Искакбекова, М.К.Мусабаев, кеңсе меңгерушісінің М.А.Негметжанова, Әділет департаментінің Павлодар аумақтық сот орындаушылар бөлімінің сот орындаушысы С.Омаров қатысты.

Іс-шараны аша отырып, сот төрағасы Н.Е.Есенжолов  «Сот актісін орындау маңызды саты болып табылады, себебі бұл соттар тәуелсіздігінің айнасы», - деп атап өтті.

Кеңсе меңгерушісі «Қазақстан Республикасындағы әйел құқықтары» тақырыбында дәріс өткізді

19/05/2017

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының кеңсе меңгерушісі М.А.Негметжанова сот мамандары арасында «Қазақстан Республикасындағы әйел құқықтары» тақырыбында дәріс өткізді.

Дәріс барысында мемлекетпен Елбасының тікелей қолдауымен құқық қорғау, әйелдердің құқықтарын бақылау және қайта қалпына келтіру бойынша институттар құрылуда және дамуда, осы мәселе бойынша дөңгелек үстелдер, өңірлік және халықаралық сипаттағы конференциялар өткізіліп жатқаны айтылды.

«Сот кабинеті» сервисі тақырыбында семинар сабағы өткізілді

19/05/2017

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судься А.С.Адажманова «MEGA DANCE» қоғамдық бірлестігінің директоры А.А.Игнатушинаның қатысуымен «Сот кабинеті» сервисінің жаңашылдықтары тақырыбында семинар сабағын өткізді.

«Сот кабинеті» сервисі сот органдарының жеделділігі, қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында, электрондық байланыс арқылы сот ісін жүргізуді жеңілдетуге арналған.