Архив событий

02/05/2017

Ертіс аудандық сотымен әкелік құқығы жойылды

02/05/2017

Ертіс аудандық сотымен әкелікпен келіспеумен жазылым актісінде өзгертулер енгізу жөнінде Г. азаматтың арызы бойынша азаматтық іс  қарастырылған.

С. және Н. азамат ертеректе некеде тұрған,   2008 жылы  Наиль  есімді ұлы дүниеге келген, туу куәлігінде әкесі болып Г. азамат көрсетілген, некелері бұзылғаннан кейін Г. азамат бұрыңғы жұбайынан Найльдің әкесі басқа ер адам екенін білген.

Сотта жауапкер арыздық талабтарын мойындаған. 

Сотпен арыз талабтары қанағаттандырылған. 

Хабарсыз жоғалып кеткеннің келуі

02/05/2017

Ертіс аудандық сотымен    2004 жылдың 24 қарашасынан Х.М азаматты хабарсыз жоғалуы  ретінде тану шешімін жою жөнінде Х.З азаматтың өтініші бойынша азаматтық іс қарастырылған, себебі ол 20 жылдан соң қайта оралған.

Сотта Х.М. азаматтың 20 жыл мерзімінде Қарағанды облысында болғаны анықталған, оның мекен-жайы туған туысқандарына белгісіз болған оның 2016 жылы Ертіс ауылына қайта келгеннен кейін сотқа Х.М.азамат өтініші бастама алған, ол құжаттарсыз ұзақ мерзім жасырынған, кез келген пайда көзінен өмір сүрген, енді құжаттарын реттеуге кіріскен. 

«Төрелік» АЖ жетілдірілуде

02/05/2017

Екібастұз қалалық сотында «Төрелік» АЖ бойынша семинар ұйымдастырылды. Бас маман Искакова А. өз баяндамасында «Төрелік» бағдарламысының артықшылығын атап өтті: ең біріншіден электрондық құжатайналымға көшу, басқа соттармен ғана емес, мемлекеттік органдармен де  хаталмасу  БЭҚАЖ  бойынша жүргізіледі, гибрид поштасы да пайдаланылады. Әсіресе  «Сот кабинет» сервисі арқылы сот процесіне қатысушылары өтініштер мен  арыздарды электронды нұсқада  жолдау, істермен танысу  қолжетімді болғанын ерекше атап өттіайтылды.

«Төрелік» ақпараттық жүйесінің «Сот кабинеті» сервисі арқылы «Құжаттарды қабылдау және оларды қарау тәртібі» тақырыбына семинар

02/05/2017

Качир аудандық сотында «Төрелік» ақпараттық жүйесінің «Сот кабинеті» сервисі арқылы «Құжаттарды қабылдау және оларды қарау тәртібі» тақырыбына семинар өткізілді.

Семинарға сот кеңсесінің меңгерушісі Д.Джумабекова, «Қазақстан Республикасы ардагерлер ұйымы» ҚҰ-ның Качир аудандық филиалының өкілдері Л.Бауэрдің және  сот мамандары  Л. Сахоненко., Л.Крыштак, Т.Сүлейменов қатысты.

Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «дөңгелек үстел» өткізілді

02/05/2017

Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Өту режимін сақтау» тақырыбана дөнгелек үстел өткізілді. Осы шараны кеңсе меңгерушісі Д.Кокышева Павлодар облысының МКҚБ қызметкерінің және сот мамандарының қатысуларымен өткізді.

Ақшаны өндіріп алу туралы дау медиациялық келісіммен реттелді

02/05/2017

Павлодар қалалық сотымен талапкер С-тің жауапкер ЖК К-ға қатысты ақшалай қаражатты өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Талапкер жауапкермен асхана гарнитурын жасап шығару бойынша келісі-шартын бекіткен. Алайда келіскен уақытта гарнитур жасалған жоқ, оған қоса гарнитур эскизмен белгіленген материалдардан жасалмаған, сапасы төмен. Талапкер гарнитур құнын өндіріп алуды және моральдық зиянды өтеуді сұраған.

Сот жұмыста қалпына келтіру туралы полицияның талап арызына бас тартты

02/05/2017

Павлодар қалалық сотымен азамат Р-дің «Павлодар облысының Ішкі істер департаменті» ММ-не жұмыста қайтадан қалпына келтіру, мәжбүрлі түрде жұмысты босатқаны үшін еңбек ақыны өндіру және моральдық зиянды өтеу туралы азаматтық іс қаралды.