Архив событий

25/07/2017

МПБ-нің қызметкерлерімен кездесу өткізілді

25/07/2017

Сот төрағасы Майқайың ауылының тұрғындарымен көшпелі кездесу шеңберінде, Майқайың полиция бөлімінің қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Майқайың ауылы тұрғындар көп қоныстанған елді мекен болып табылады, сотқа әкімшілік істердің негізгі бөлігі осы полиция бөлімінен түседі. Осы аталған елді мекенде қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаудың санының артқаны аталып өтілді.  

Азаматтарды қабылдау көшпелі түрде жүргізілді

25/07/2017

Баянауыл аудандық сотының төрағасы Майқайың ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Майқайың ауылы Баянауыл ауданындағы халық көп қоныстанған ең үлкен ауыл болып табылады, тұрғындардың саны шамамен 10 000 адамды құрайды.

Сот төрағасы тұрғындармен кездесу барысында сот жүйесіне енгізілген жаңа ақпараттық технологиялар: «Сот кабинеті», сот отырыстары дыбыс-бейнежазбаға жазылатындығы туралы айтты.