Архив событий

17/07/2017

Сот орындаушының көлік жүргізу құқығын уақытша тоқтату туралы ұсынысы сотпен қанағаттандырылды

17/07/2017

Железин аудандық соты мемлекеттік сот орындаушының Т. борышкерге қатысты жүргізуші куәлігін уақытша тоқтату туралы ұсынысын қарады.

Іс материалдарынан, борышкер Т.-тан кәмелетке толмаған қызы И.-ның пайдасына сот шешімімен алимент өндіріп алынған, нақты уақытта 2 419 271 теңге мөлшерінде   берешегі құрылды. Борышкер    берешекті өтеу бойынша төлемдер жүргізілмеуі салдарынан атқару парағы бүгінге дейін орындалмаған.

Сот актіні орындау барысында борышкерде  көлік жүргізу куәлігі бар  екені анықталды.

Жылқыларды ұрлау

17/07/2017

2012 жылдың  15 маусымынан  қылмыстық іс материалдарына сәйкес  жылқы бағушы  Г.Е., қырда онымен бағылған  жылқы табынына,  11 бас снамен бөтен жылқылардың жақындап келегенін байқаған.  Бұл жағдай туралы ол өзін алмастыратын жылқы бағушы  К.Р хабарлаған, содан кейін  үшеуінде жылқыларды ұрлау ойы пайда болған.   Табыннан  7 бас жылқыларды ұстап алып  оларды әрі қарай  өз қалаулары бойынша ұрлауға кіріскен.  Жәбірленушілер  (6 адам) 1 010 000 теңге жалпы сомасына залал келтірілген .

Зейнеткер алкогольді өнімдерін сақтап және сатқаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды

17/07/2017

Железин аудандық сотымен А. зейнеткер азаматшасына қатысты әкімшілік іс қаралды. 2017 жылдың 15 мамырында алкогольді өнімді сақтау және ҚР заңымен белгіленген тыс жерде, ең төмен бөлшекті бағамен сату фактісі анықталды,яғни өз үйінде акциздік маркасыз 21 шөлмек арақты сақтап, оның ішінен 2 шөлмекті 700 теңгеге азамат П. сатқан.

Сот отырысында И., өзінің әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінді. Зейнеткер болуына байланысты және басқа табыс жоқтығын көрсетіп, қатаң жазаламауын сұрады.

Успен аудандық сотында әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтыру тәртібі талқыланды

17/07/2017

Успен аудандық сотында әкімшілік құқық бұзушылық бойынша хаттама толтыру, дәлел ұсыну, әкімшілік істерді уақытылы сот қарауына жіберу және де 2017 жылдың 6 айында ішкі істер бөлімімен қозғалып, кейін қысқартылған әкімшілік істер мәселелерін талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізілді.

«Сот актілерін орындау» тақырыбына дөңгелек үстел

17/07/2017

Успен аудандық сотымен «Сот актілерін орындау» тақырыбына дөңгелек үстел өткізіліп, қатысушылар «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» ҚР Заңын қолданумен байланысты мәселелерді талқылады. Дөңгелек үстелге Успен аудандық сот төрайымы Г.Р. Мухаметкалиева, бас маманы Д.Чуприн, Успен аудандық прокуратурасының прокуроры М.Дебус, Успен аумақтық бөлімінің аға сот орындаушысы Д.Евтеев, Успен ауданың ІІБ инспекторлар Р.Калыков және К. Шахманов қатысты.

Жер мемлекетке қайтарылды

17/07/2017

Павлодар қалалық сотында Павлодар қаласы әкімінің арызы бойынша «Павлодар қаласының жер қатынасы бөлімі» ММ-не, А., Д., Г. азаматтарына қатысты жер учаскелерін жалға алу, сатып алу-сату келісімдерін жарамсыз деп тану және мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы азаматтық іс қаралды.

Істің міндеттемелерінен 2005 жылдың сәуір айында Павлодар қаласы акиматының қаулысы бойынша азаматша А-ға бөлінетін жер учаскелеріне гүл павильондарын орнату мен қызмет көрсету үшін 10 жылға уақытша жерқолданым құқығы берілгені анықталды.

Сотпен мугедек артынан күтім жасалған фактісі анықталды

17/07/2017

Павлодар қалалық сотымен 16 жасқа дейін мугедек артынан күтім жасалған фактісін анықтау туралы талапкер К-нің арызы қаралды.

Сот барысында талапкер К-нің бала кезінен мүгедек болып табылатын өз ұлының  артынан 1987 жылдың 17 шілдесінен бастап 2003 жылдың 17 шілдесіне дейін күтім жасағаны сотқа белгілі болды. Алайда ол зейнетақы жасына жеткендіктен  «Павлодар облысы бойынша еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаменті» РММ-не жүгінгенде,  оған зейнетақы тағайындау кезінде бұл кезең еңбек өтіліне кірмейтіндігі туралы айтқан.