Сотпен мугедек артынан күтім жасалған фактісі анықталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХатпен жіберуХатпен жіберуPDFPDF

Павлодар қалалық сотымен 16 жасқа дейін мугедек артынан күтім жасалған фактісін анықтау туралы талапкер К-нің арызы қаралды.

Сот барысында талапкер К-нің бала кезінен мүгедек болып табылатын өз ұлының  артынан 1987 жылдың 17 шілдесінен бастап 2003 жылдың 17 шілдесіне дейін күтім жасағаны сотқа белгілі болды. Алайда ол зейнетақы жасына жеткендіктен  «Павлодар облысы бойынша еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаменті» РММ-не жүгінгенде,  оған зейнетақы тағайындау кезінде бұл кезең еңбек өтіліне кірмейтіндігі туралы айтқан.

Өз талабын ынталандыру үшін талапкер К «Павлодар облысы бойынша еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаменті» РММ-нен анықтамаларды ұсынды және медициналық-әлеуметтік сараптамадан куәландыру актілерін де табыс етті, осы актілер оның баласы бала кезінен мүгедек болып табылатынын және артынан куәландыру мерзімі жоқ екінші топ мүгедегі екенін дәлелдейді.   Сондай-ақ талапкермен медициналық қорытындылармен емдеп жүрген дәрігерден анықтамалар ұсынылды.

Сот шешімімен талапкердің талабы толықтай қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енді.

 

Қайнар: 
Павлодар қалалық сотының баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар