Успен аудандық сотында әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтыру тәртібі талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Успен аудандық сотында әкімшілік құқық бұзушылық бойынша хаттама толтыру, дәлел ұсыну, әкімшілік істерді уақытылы сот қарауына жіберу және де 2017 жылдың 6 айында ішкі істер бөлімімен қозғалып, кейін қысқартылған әкімшілік істер мәселелерін талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға сот төрайымы, прокурор, жергілікті полиция қызметі өкілдері қатысты. Кездесу барысында жергілікті тәртіп сақшылардың жұмыста жіберетін кемшіліктері туралы айтылды. Әкімшілік істі іс жүргізуден тоқтатуға себеп болған әкімшілік құқықбұзушылық заңнамасының бұзылуы туралы айтылды.

Қайнар: 
Успен аудандық соты баспасөз кызметі