Апелляция сатысындағы медиация

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы жауапкердің бірінші сатыдағы сот шешіміне түскен апелляциялық шағымы бойынша, С. ЖШС-нің «Л» ЖК-не  тауарларды жеткізу шарты бойынша алдын-ала төлемді, жұмсалған шығындарды және тұрақсыздық айыбын өндіріп алу туралы талап қоюы бойынша азаматтық істі қарады (іс № 5599-24-00-2а/156).

Іс бойынша, 2023 жылдың наурыз айында тараптар арасында 10 000 000 ресей рублі сомасына тауарды жеткізуге (ұзақ мерзімді) шарт жасалғаны анықталды.

Төлем тапсырмасына сәйкес талап қоюшы шарт бойынша жауапкер берген шот-фактура бойынша бағасы 8 333,33 рубль, саны 120 текше метр болатын погонажды бұйымдарды, құрғақ, сүргіленген ағаш материалдарын жеткізуге арналған ерекшеліктерге сәйкес 1 000 000 ресей рублі сомасында алдын-ала төлем жасады.

2023 жылдың сәуір айында талап қоюшы жауапкерге тауарлардың бір бөлігін,40 текше метр көлемінде погонажды бұйымдар, құрғақ, сүргіленген ағаш материалдарын.жеткізуге өтінім жіберді.

Төлем тапсырмасына сәйкес, талап қоюшы «А» ЖШС-мен жасалған, 2023 жылғы 05 маусымдағы автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау бойынша экспедиторлық қызмет көрсету шарты бойынша 800 000 теңге сомасында жүкті тасымалдау үшін төлем жасаған.

2023 жылдың маусым айында тауарды қабылдау кезінде, талап қоюшы тауар шарттың ерекшеліктеріне сәйкес келмейтінін анықтады. Талап қоюшы жауапкер басқа өнімді (жалпы сомасы 634 000 ресей рубліне 17 934,94 ресей рублі бағасымен 35,35 текше метр үй жинағы) жеткізгенін анықтады. Бұл факті туралы жауапкерге телефон арқылы хабарлады.

Талап қоюшы жауапкерге наразылық жолдап, сәйкес келмейтін тауарды Шарт бойынша жеткізуге көрсетілген тауарға ауыстыруды сұраған.

Жауапкер ЖК «Л» наразылыққа жауап ретінде, құны 634 000 ресей рублін құрайтын жеткізілген үй жинағының есебін, погонажды бұйымдар үшін алдын-ала төленген төлемнен алып, 366 000 ресей рублін талап қоюшыға қайтарып беру туралы дауды шешу бойынша ұсыныс жіберді. Жауапкер сатып алушыға жеткізілген тауарды ауыстырудан бас тартты, себебі Шарттың 3.3-тармағына сәйкес, сатып алушы сапасыз тауар анықталған жағдайда тауар жеткізілген күннен бастап наразылық беру мерзімі 10 жұмыс күнін өткізіп алған.

Талап қоюшы бұл ұсыныспен және жауапкердің тауарды ауыстырудан бас тарту туралы ұстанымымен келіспеді.

Осыған байланысты талап қоюшы жауапкерден тауарды жеткізу шарты бойынша 1 000 000 ресей рублі сомасындағы алдын-ала төлем сомасын, 800 000 теңге көлеміндегі көлік шығындарын, 410 832 теңге қосылған құн салығын төлеу бойынша шығындарды, 100 000 ресей рублі көлемінде тұрақсыздық айыбын, 197 034,96 теңге мемлекеттік баж салығын және 57 274,85 теңге пошта шығындарын өндіру бойынша талап қоюмен сотқа жүгінді.

Бірінші сатыдағы сот шешімімен талап қою ішінара қанағаттандырылды.

Апелляциялық шағымда жауапкер сот шешімінің күшін жойып, талап қоюды қанағаттандырудан толығымен бас тарту туралы жаңа шешім шығаруды сұрады.

Апелляциялық сатыдағы сотта тараптар арасында дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге қол жеткізілді.

Алқа отырысы басталғанға дейін тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді ұсынды, оның талаптары бойынша жауапкер ЖК «Л» талап қоюшы «С» ЖШС-не оның барлық шығындарын, ал талап қоюшы өз кезегінде шарт бойынша алынған тауар 35,35 текше метр көлемінде үй жинағын үш жұмыс күні ішінде толық қайтарады.

Тараптармен жасалған келісім алқамен бекітіліп, бірінші сатыдағы сот шешімінің күші жойылып, іс бойынша өндіріс тоқтатылды.

Ұйғарым заңды күшіне енді.

 

Источник: 
Пресс-служба Павлодарского областного суда