«Балалардың құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелері, соның ішінде сот процесіне қатысушы тұлғалардың адам құқықтарының халықаралық стандарттары»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар облыстық сотында «Балалардың құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелері, соның ішінде сот процесіне қатысушы тұлғалардың адам құқықтарының халықаралық стандарттары» тақырыбында семинар өтті.

Іс-шараға азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы С.К. Төлегенов, Павлодар облыстық сотының судьясы Қ.Ә.Темірова, Павлодар облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы мен судьялары, облыс және қала прокуратурасының, Павлодар облысы білім беру басқармасының, «Павлодар қаласы білім беру бөлімі» ММ қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің, Павлодар облысы полиция басқармасы ЖПБҚ ювеналдық полициясының, «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау жөніндегі өңірлік орталығы» КММ-нің өкілдері, сонымен қатар Павлодар қаласы орта білім беру мектептерінің басшылары қатысты.

Іс-шараны ашқан азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы С.К.Төлегенов семинардың маңыздылығын атап өтті.

Павлодар облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы С.К. Марданов «Қазақстандағы бала құқықтарын қорғау және қазіргі жағдайда жүзеге асыру механизмі» тақырыбында баяндама жасады, ювеналды соттың инспектор-психологы С.Г. Шиман сот процесі аясында кәмелетке толмағандардың психологиялық қолдау құқығы туралы айтты.

«Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау жөніндегі өңірлік орталығы» КММ басшысының балаларды отбасына орналастыру жөніндегі орынбасары К.К. Сагиева, Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау жөніндегі өңірлік орталығының қызметі туралы айтып берді.

Сондай-ақ семинар барысында Павлодар облысының білім беру басқармасы басшысының орынбасары Р.К. Ақанова, Павлодар облысы адвокаттар алқасының адвокаты Г.Т. Сұлтанбекова, Павлодар облысы прокуратурасының прокуроры А.Л.Түсіпаева сөз сөйледі.

Семинарға қатысушылар балалардың құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелерін, соның ішінде сот процесіне қатысушы тұлғалардың адам құқықтарының халықаралық стандарттарын талқылады.

Барлық сұрақтарға осы санаттағы істер бойынша азаматтық сот ісін жүргізуге қатысты заңды дұрыс түсіндіру және қолдану бойынша түсіндірмелер мен ұсыныстар берілді.

Қайнар: 
Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі