Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша өзекті мәселелер

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар облыстық сотында «Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша өзекті мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараны қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы М.Е.Солтыбаев өткізді, оған Павлодар облыстық сотының судьялары В.А. Фриман, И.Ю. Каркада, қылмыстық істерді қарайтын төрағалар мен судьялар, облыстық және қалалық прокуратураның, Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің, Мемлекеттік кіріс департаментінің, адвокаттар алқасының өкілдері, «Атамекен» ӨКП кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің мүшесі К.Ж. Кунадилова, «Атамекен» ӨКП өкілі Г.Е. Бассуова қатысты.

Іс-шараны ашқан қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Мұрат Солтыбаев дөңгелек үстелді өткізу осы санаттағы істерді тергеу мен қараудың бірыңғай сот тәжірибесін қалыптастыруға ықпал ететініне назар аударды.

Павлодар қаласы №2 сотының судьясы А.Ч. Бекмұхамбетова «Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істердің өзекті мәселелері» тақырыбында баяндама жасады.

Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті бастығының орынбасары Е.С. Каримов Қылмыстық кодекстің 216, 245, 217, 218, 214-баптары бойынша қылмыстық істерді тіркеу және тергеп-тексеру, сот-экономикалық сараптамаларды жүргізудегі, сондай-ақ жалғасып жатқан және бірнеше рет қайталанатын қылмыстарды ажырату мәселелері бойынша өзекті мәселелерді айтты.

Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалау басқармасы бастығының орынбасары Ғ.Қалыбеков пен сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалау басқармасы прокурорының аға көмекшісі А. Мағауин көтерілген түйткілді мәселелерді шешуге өз көзқарастарын білдіріп, экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау кезінде қылмыстық заңнаманы дұрыс қолдану жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететініне назар аударды.

Қатысушы адвокат К.К. Джамалиденова қосымша есептеуге жататын салықтардың мөлшерін сенімді анықтау мақсатында салық төлеуден жалтару фактілері бойынша міндетті сот сараптамасын жүргізу қажеттігі туралы пікірін білдірді, сондай-ақ заңды кәсіпкерлікке қатысты айыптаудан арылу қажеттігіне тоқталды.

Сондай-ақ іс-шарада сөз алған Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің басшысы Г.Е. Бассуова облыс кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлік құқығын қорғау бойынша атқарылып жатқан жұмыстарын түсіндірді.

Айтылған мәселелер бойынша экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерді тергеу мен сотта қарау кезінде Заңды дұрыс түсіндіру және қолдану бойынша түсіндірмелер мен ұсыныстар берілді.

 

 

Қайнар: 
Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі