Орындалған жұмыстарды қабылдау туралы акті жасау қажеттігі туралы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы талап қоюшының бірінші сатыдағы қанағаттандырудан бас тартылған сот шешіміне түскен апелляциялық шағымы бойынша А.-ның «Д» ЖК-нен шығынды өндіру туралы талап қоюы бойынша істі қарады (іс № 5599-24-00-2а/34).

Іс бойынша, жауапкер талап қоюшыға көлік құралының қозғалтқышын жөндеу бойынша қызмет көрсететіндігі туралы тараптардың ауызша келісімге келгені анықталды.

Тараптар көлік құралын және орындалған жұмыстарды қабылдау туралы актілер жасалмаған.

А., «Д» ЖК-нен келтірілген шығынды өндіріп алу туралы талап қоюмен сотқа жүгінді, қозғалтқышты жөндеу жұмыстарын жүргізу кезіндегі кемшіліктерді жою нәтижесінде 1 974 000 теңге сомасындағы шығынды өндіруді - бір жыл ішінде жауапкер жөндеу жұмыстарын жүргізбегендіктен, талап қоюшы қалпына келтіруге келмейтін қозғалтқышы бөлшектелген автокөлікті алуға мәжбүр болуымен, содан кейін ол кемшіліктерді жою үшін үшінші тұлғаларға жүгінгендігімен, басқа қозғалтқышты сатып алумен және оны орнату бойынша қызметтерді төлеуімен уәждеді.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі 683-бабының 1-тармағына сәйкес өтелмелi қызмет көрсету шарты бойынша орындаушы тапсырысшының тапсырмасы бойынша қызмет көрсетуге (белгiлi бiр iс-әрекет жасауға немесе белгiлi бiр қызметтi жүзеге асыруға) мiндеттенедi, ал тапсырысшы бұл қызмет көрсетуге ақы төлеуге мiндеттенедi.

Шартты орындаудың ең маңызды кезеңі - оны тексеруден, оның көзделген функцияға сәйкестігін тексеруден және кемшіліктерді анықтаудан және тіркеуден тұратын орындалған жұмысты қабылдау. Жұмыстарды қабылдау арнайы актімен ресімделеді. Алайда, ақаулары бар жұмыстарды қабылдауды растайтын құжат ретінде жұмыстың аяқталғаны туралы акт тараптармен ресімделмеген.

Талап қоюшының көрсетілген қызметтер үшін толық ақы төлеуі жұмыстың нәтижесiн тексерусiз іс жүзінде қабылдағанын көрсетеді, оны қабылдаудың әдеттегi әдiсi кезiнде анықталуы мүмкiн жұмыс кемшiлiктерiне (көрiнеу кемшiлiктер) сiлтеме жасау құқығынан айрылады (АК-тің 630-бабының 3-тармағы).

Сондай-ақ талап қоюшы жауапкердің жөндеу жұмыстарын жүргізгенге дейінгі қозғалтқыштың күйі туралы және жауапкер көрсеткен қызмет сапасының төмен болуына байланысты қозғалтқыштың ақаулығы туралы дәлелдемелерді сотқа ұсынбады.

Алқаның қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз, талап қоюшының апелляциялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырды.

Қаулы заңды күшіне енді.

 

 

Қайнар: 
Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі