Павлодар облыстық сотының төрағасы Ә. Қаженов және облыстық сот алқасының төрағалары жаңадан тағайындалған судьяларды сот ұжымына таныстырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 Бүгін 24 ақпан 2014 жылы Павлодар облыстық сотының төрағасы Ә.Қаженов Екібастұз қалалық сотында болып, сот ұжымына жаңадан тағайындалған судья Жұмадирова Сәуле Елжасқызын сот ұжымына таныстырды. Аталған жиынға облыстық соттың кеңсе басшысы С.Ахметбеков, қалалық соттың төрағасы, судьялары, жергілікті құқыққорғау органдарының басшылары қатысты. Облыстық соттың төрағасы Ә.Қаженов Елбасының жарлығымен тағайындалған судьяларды құттықтай келе, жаңа судьяларға сот төрелігін әділ, мінсіз және абыроймен атқаруларына тілектестігін білдірді.

Бүгін сонымен қатар, облыстық соттың әкімшілік және азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы А.Күзеков Павлодар қалалық сотының ұжымына жаңадан тағайындалған судьялар Әбікәрімов Нұржан Бейбітұлын, Сайран Әсемқоңыр Сайранқызын, Уызбаева Жанар Асанқызын, Жүсіпова Гүлмира Хасимқызын, Зиядова Айнұр Мирханқызын және Павлодар облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ұжымына жаңа судья Жанғазина Ғалия Шаметқызын таныстырды.

Сонымен бірге, облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Н.Жолдасбеков Қашыр аудандық сотында болып, сот ұжымына жаңадан тағайындалған судья Көдек Дәния Бикенқызын таныстырып, өз атынан судьяға өз міндеттерін абыроймен атқаруына тілектестігін білдірді.

Естеріңізге салсақ 2014 жылы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасы Президентінің №754 санды Жарлығына сәйкес келесі лауазымдарға, яғни, Қашыр аудандық сотының судьясы – Көдек Дәния Бикенқызы, Екібастұз қалалық сотының судьясы – Жұмадирова Сәуле Елжасқызы, Павлодар қалалық сотының судьясы – Әбікәрімов Нұржан Бейбітұлы, Сайран Әсемқоңыр Сайранқызы, Уызбаева Жанар Асанқызы, Жүсіпова Гүлмира Хасимқызы, Зиядова Айнұр Мирханқызы және Павлодар облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы - Жанғазина Ғалия Шаметқызы тағайындалған болатын.

Павлодар облыстық сотының
баспасөз қызметі