Жаңалықтар

Павлодар облыстық сотында қылмыстық істер бойынша семинар өтті

30/04/2024

Павлодар облыстық соты қылмыстық істерді қараудың жалпы мәселелері бойынша семинар өткізді.

Семинарды қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы М.Е. Солтыбаев өткізді, Павлодар облыстық сотының судьялары В.А. Фриман, Б.Ж. Тыштыбаев, Е.Қ.Тынысов, И.Ю. Каркада, М.С. Рымбаев, аудандық, қалалық соттардың төрағалары мен судьялары онлайн және офлайн форматта қатысты.

Семинарды қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы М.Е.Солтыбаев ашып, өткізіліп отырған іс-шараның бірыңғай сот тәжірибесі үшін маңыздылығын атап өтті.

Рөлдік семинар-тренинг

30/04/2024

Павлодар облыстық сотында сот жүйесінің мамандары мен мемлекеттік органдардың мамандары үшін сот білімі дайындық курсы аясында судья лауазымына біліктілік емтихандарын тапсыруға дайындау бойынша семинар – тренинг өтті.

Семинар-тренинг ZOOM бейнеконференцбайланыс платформасы арқылы офлайн және онлайн режимінде өткізілді.

Ұйымдасқан топқа қатысты қылмыстық іс қаралды

26/04/2024

2024 жылғы 26 сәуірде Павлодар облысы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы жүзеге асырумен психотроптық заттарды, сол тектестерді ірі және аса ірі мөлшерде өткізу мақсатында заңсыз дайындау, сақтау, тасымалдау фактісі бойынша, 9 адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты (ҚК 262-б. 2-б., 297-б. 4-б.), сондай-ақ ұйымдасқан қылмыстық топ қатысушыларының біріне қатысты есірткі құралдарын жеке пайдалануы үшін өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтау фактісі бойынша (ҚК 296-б. 2-б.) қылмыстық істі қарады.

 

Ювеналды соттағы ашық есік күні

26/04/2024

Павлодар облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандадндырылған ауданаралық сотында Инновациялық Еуразия университеті колледжінің студенттері үшін Ашық есік күні өтті.

Сот төрағасы С.К. Марданов экскурсия барысында студенттерге соттың жұмысы, енгізілген ІТ-технологиялар, сондай-ақ мобильді қосымшалар мен бейнеконференцбайланыс арқылы сот процестерін жүргізу мүмкіндіктері туралы айтып берді. Колледж студенттерінің алдында сот маманы З.Е.Мажирова сөз сөйледі, сонымен қатар прокурор А.М. Жексеновамен және адвокат Ж.Б. Нығыбаевамен кездесу ұйымдастырылды.

Тұрақсыздық айыбын өндіру туралы іс қаралды

26/04/2024

Павлодар облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы жауапкердің бірінші сатыдағы ішінара қанағаттандырылған тұрақсыздық айыбы өндірілген, қалған екі талап бойынша қанағаттандырудан бас тартылған сот шешіміне түскен апелляциялық шағымы бойынша «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-нің ЖШС «КК»-ға қатысты мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану, тұрақсыздық айыбын өндіріп алу, шартты бұзу туралы талап қоюы бойынша істі қарады (іс № 5599-24-00-2а/1

Павлодар облыстық сотында жаңадан тағайындал судьялар таныстырылды

22/04/2024

2024 жылғы 22 сәуірде Павлодар облыстық сотында Павлодар облыстық сотының төрағасы Б.С.Қарамановтың жетекшілігімен, сот алқалары төрағалары, облыстық соттың судьялары, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі Павлодар облысы бойынша департаменті басшысының, аудандық және оған теңестірілген соттарының төрағалары мен судьялары бейнеконференцбайланысы арқылы қатысуымен жалпы отырыс өтті.

Павлодар облысының соттары сенбілікке қатысты

20/04/2024

 Сенбілікке Павлодар облысының судьялар корпусы мен Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі Павлодар облысы бойынша Департаментінің қызметкерлері қатысты.

 Жалпы күш-жігермен сот ғимараттары мен оларға іргелес аумақтарды жинау жұмыстары жүргізілді, гүлзарларға ағаш отырғызу және жер қазу  жұмыстары жүргізілді, ағаштар мен шекаралар әктелді, өткен жылғы қоқыс жиналды.

 Қоршаған ортаға қамқорлық-бұл әр азаматтың міндеті, ал бірлескен еңбек ұжымды жағымды эмоциялармен қуаттайды.

Хабарландыру!

19/04/2024

Құрметті азаматтар мен заң қауымдастығының өкілдері!

Алдағы уақытта Май аудандық соты таратыла отырып, Павлодар облысы Ақсу қаласының ауданаралық соты құрылатыны туралы хабарлаймыз.

Павлодар облысы Ақсу қаласы ауданаралық сотының мекен-жайы -Павлодар облысы, Ақсу қаласы, Құрылысшылар көшесі, 12.

 Май аудандық сотының әкімшілік ғимаратында құжаттарды, арыздар мен шағымдарды қабылдау және беру кеңсесі, сондай-ақ процеске онлайн режимде қатысуға арналған сот залдары жұмыс істейтін болады.

Медицина қызметкерлеріне құрметтемеушілік таныту туралы іс

19/04/2024

Павлодар облысы Ақсу қалалық соты ӘҚБтК-нің 80-1-бабының 2-бөлігі медицина қызметкерлеріне өздерінің лауазымдық міндеттерін орындауы кезінде құрметтемеушілік таныту бойынша А.-ға қатысты қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.

Сотпен анықталды

Сотпен 2024 жылғы 4 сәуірде сағат 22.00-23.00 шамасында А., Ақсу қаласындағы тұрғылықты жерінде болып, жедел жәрдем бригадасымен жанжалдасып, жедел жәрдемнің фельдшеріне былапыт сөздер айтқаны анықталды.

Құқық бұзушы өз кінәсін мойындамады.

Беттер