Сот қоғамдық бірлестіктің басшысының орынбасарына қатысты ақшаларды қорқытып алу фактісі бойынша шешім шығарды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар қ. №2 сотында 194 бабы 3 бөлігінің 2 тармағына – қорқытып алушылық, яғни күш қолдану не бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдiру қатерін төндіріп, сол сияқты жәбiрленушiнi немесе оның жақындарын масқаралайтын мәлiметтердi не жариялануы жәбiрленушiнiң немесе оның жақындарының мүдделерiне елеулі зиян келтiруi мүмкiн өзге де мәлiметтердi тарату қатерін төндіріп бөтеннің мүлкін немесе мүлiкке құқықты беруді немесе мүлiктiк сипаттағы басқа да әрекеттер жасауды талап ету, ірi мөлшерде мүлiк алу мақсатында жасалған, «Мир Экологии» қоғам бірлестігі басшысының орынбасарына қатысты қылмыстық іс қаралды.

Айыптау актісі бойынша, 2016 жылдың сәуір айында қоғамдық бірлестік басшысының орынбасарында бөтен мүлікті қорқытып алу қылмыстық ниеті пайда болды. ЖШС жалпы қызметшілігі өңдеу, сорттау және өндірістік қалдықтарын орналастыруы, сол үшін қауіпті қалдықтары бойынша есеп беру міндетті. Сол факт бойынша өзінің арам ойына сұрау салуымен ЖШС-нің директоры уақытылы есеп жасамағанын біліп, ЖШС-нің директорынан 10 000 долларды  ақшалай қаражатын қорқытып алмақшы болды.

Сот оны 194 бабы 3 бөлігінің 2 тармағы бойынша кінәлі деп танып, 5 жылға бас бостандығынан жалпы тәртіптегі түзеу колониясында өту жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Павлодар қаласының №2 сотының баспасөз қызметі