Сот отырыс залынан

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2014 жылы ақпан айында Шарбақты аудандық сотымен «Қайнар» МҚКК слесарь-сантехник болып жұмыс жасайтын А.И. Бульонге қатысты әкімшілік іс қарастырылды.

Бұрын отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар жағдайында заңсыз әрекет үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған, Бульон, Шарбақты ауылында өз үйінде мас күйінде өзінің зайыбымен ешбір себепсіз жанжал жасап, оған балағат сөздер айтып, оны күш көрсетіп, қорқытқан.

Сот жазаны жұмсартатын мән-жайларды ескере отырып яғни – айыпты мойындау, қолында кәмелет жасқа толмаған балалардың болуы және жұмыстың болуы, жазаны ауырлататын жағдайлар – бір жыл ішінде ұқсас құқық бұзушылықты қайталау, ол үшін мас күйінде жасаған әкімшілік жауапкершілікке тартылуы ескеріліп, А.И.Бульон ҚР ӘҚБтК-нің 79-5 бабы 2 бөлігі бойынша айыпты деп танылып, оған мемлекет пайдасына 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде 9260 теңге сомасында айып пұл салынды.

Шарбақты аудандық сотының
баспасөз-қызметі