Сот залынан

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Екібастұз қаласының тұрғыны азамат Б. қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы сот процессі өткізілді.

Жол полициясының қызметкерлерімен азамат Б. басқаруда отырған көлік құралы тоқтатылды. Тексеріс барысында жүргізуші мас күйінде болғаны және жүргізуші куәлігінін айрылғандығы анықталды.

Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен азамат Б. ӘҚБтК 467 бабы 6 бөлігімен көзделген «жүргізушінің алкогольден мас күйінде көлік құралын жүргізуі және көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған адам» құкық бұзушылық жасағанына үшін кінәлі деп танылып және жаза ретінде 10 тәулік әкімшілік қамауға алынды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Екібастұз қаласының мамандандырылған
әкімшілік сотының баспасөз қызметі