Архив событий

04/04/2014

«Қаруды заңсыз сақтаған азамат жауапқа тартылды»

04/04/2014

Ертіс аудандық сотында азамат У-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. 2013 жылдың 23 желтоқсан күні «Қару» желе-алдын алу шарасы барысында Қызылағаш азамат У-тың бір ұңғылы аңшы мылтығын заңсыз сақтағаны анықталды. Азамат У. қаруын шаруашылық құрылыстардың ішінде ішкі істер органдарының тиісті рұқсатынсыз сақтаған. Осы заңсыз әрекетімен азамат У. ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 368 бабы 1 бөлігімен қарастырылған құқық бұзушылық жасады.

СОТ ХРОНИКАСЫ

04/04/2014

Ақсу қалалық сотымен ҚР ҚКнің 103 бабы 3 бөлігімен қарастырылған қылмыс жасаған С айыптау бойынша қылмыстық іс қаралды. 2013 жылдың 11 сәуірінде сағат 21.00 шамасында Қалқаман кентінде Я-ның үйінде қонақта К мен Я танысымен бірге спиртті ішімдікті ішкен. Спирттік ішімдікті ішу барысында С мен К –ның арасында жеке жек көрінішті қарым-қатынас нәтижесінде жанжал пайда болды.

«Көшеде темекі тұкылын төккені үшін жазаланды»

04/04/2014

Ертіс аудандық соты азамат М. қатысты іс қарады. Азамат М. 2014 жылдың 10 наурыз күні Ертіс ауданының бір ауылында қоғамдық орында көше бойында темекі шегіп жүріп, темекі тұқылын асфальтқа тастаған. Осылайша айналасындағы адамдарға құрметтемеушілік білдіріп, қоғамдық орынды ластаған. Құқықбұзушы М. ҚР Кодексінің «Ұсақ бұзақылық» 330 бабы 2 бөлігімен қарастырылған құқықбұзушылық жасады.

Ол істі қарау барысында өзінің әкімшілік құқықбұзушылық жасағанын толық мойындап, істеген әрекетіне өкінді.