Архив событий

10/04/2014

2013 жылдың 12 айы бойынша қорытынды жасалды

10/04/2014

Ақтоғай аудандық сотында, сот төрайымының, бұқаралы ақпарат құралдарының қатысуымен, баспасөз-конференция өтті. Төрайым БАҚ өкілдеріне соттық 2013 жылдың 12 айы бойынша жұмыс қортындысы туралы айтып өтті.

2013 жылы 12 айда 19 қылмыстық іс, оның ішінде: үкім шығарумен 9 тұлғаға қатысты 9 іс, өндірісті тоқтату туралы қаулы шығарумен – 11 тұлғаға қатысты 10 іс қаралды.

Май аудандық сотындағы дөңгелек үстел

10/04/2014

2014 жылғы сәуірдің 7-де Май аудандық сотында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы толтыру» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге сот төрағасы Е.И.Идиров, прокуратура, ішкі істер органдары, әділет басқармасы, салық және санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің лауазымды адамдары, сонымен бірге сот қызметкерлері қатысты.

2014 жылы сәуірдің 11 күні Павлодар облыстық сотының және Павлодар облыстық судьялар одағының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республика судьялар Одағының VI-съезіне» арналған облыстағы судьялар арасында спартакиада басталады

10/04/2014

2014 жылы сәуірдің 11 күні Павлодар облыстық сотының және Павлодар облыстық судьялар одағының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республика судьялар Одағының VI-съезіне» арналған облыстағы судьялар арасында әртүрлі спорт түрлерінен спартакиада басталады.

Алғыс сөз

10/04/2014

Павлодар облыстық сотының төрағасы Ә.Б.Қаженовтың атына Павлодар облысы Ақсу қаласының тұрғыны, көп балалы ана Наурызбаева Қызжибек Қалмаханқызының алғыс айтқан хаты келіп түсті.

Қ.Қ. Наурызбаева өзінің тәрбиесінде үш баласы бар және өзі асырап алған үш ұлды бауырына басып тәрбиелеп отыр. Мемлекет тарапынан да үнемі көмек беріліп отыр.

Ол 2013 жылы Ақсу қалалық сотына азаматша Т.А.Жуматаеваның әрекетін заңсыз деп тану және өзіне тиісті қаржыны өндіріп алу туралы талап арызбен сотқа жүгінген. Бірақ сот мәжілісіне қорғаушыны жалдауға мүмкіншілігі болмаған.

Алимент алушының пайдасына сот шешімі туралы әкімшілік іс қаралды

10/04/2014

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша» 2014 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-не бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.