2014 жылы сәуірдің 11 күні Павлодар облыстық сотының және Павлодар облыстық судьялар одағының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республика судьялар Одағының VI-съезіне» арналған облыстағы судьялар арасында спартакиада басталады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2014 жылы сәуірдің 11 күні Павлодар облыстық сотының және Павлодар облыстық судьялар одағының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республика судьялар Одағының VI-съезіне» арналған облыстағы судьялар арасында әртүрлі спорт түрлерінен спартакиада басталады.

Атаулы спорттық іс-шараның өту бағдарламасына сәйкес тек судьялардан құралған барлығы 6 команда волейбол, футзал, шахмат, стол тенисі және бильярдтан күш сынаспақ. Олар: Павлодар облыстық соты, Павлодар қалалық соты, Павлодар қалалық №2 соты, біріккен Екібастұз қалалық соты және Ақсу қалалық соты, біріккен мамандандырылған ауданаралық соттары, біріккен аудандық соттары командалары.

Қайнар: 
Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі