Архив событий

29/04/2014

Полиция қызметкеріне бағынбады

29/04/2014

Успен аудандық сотымен азамат С-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. Ол 2014 жылы сәуірдің 22-сі күні мас күйінде, полиция қызметкерінің заңды талаптарына қасақана бағынбай, қорлап, қорқыту нәтижесінде ҚР ӘҚБтК-нің 355 бабы 2 бөлігімен көзделген құқық бұзушылық жасады.

Сот отырысында С. өзінің кінәсін толық мойындады.

Кінәлінің жоғарыда көрсетілген іс әрекеті ӘҚБтК-нің 355 бабы 2 бөлімі бойынша сараланып, 7 тәулікке әкімшілік қамауға алу түрінде жаза тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.