Жаңалықтар

Негізсіз баю сомасын өндіру туралы талап қоюдан бас тартылды

26/01/2024

Павлодар облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы талапкердің бірінші сатыдағы қанағаттандырудан бас тартылған сот шешіміне түскен апелляциялық шағымы бойынша К.А., К.М.-ның Ж.А. және Ж.Д.-ға қатысты негізсіз баю сомасы мен тұрақсыздық айыбын өндіру туралы талап қоюы бойынша істі қарады (іс № 5599-23-00-2а/1300).

Іс бойынша 2021 жылдың мамыр айында талапкерлер «В» шетелдік инвестициялық компаниясына қымбат титан металын сатып алу және жоғары пайыздық пайда табу, кейіннен инвестициялау үшін жауапкерлердің шотына 2 940 090 теңге сомасында қаражат аударғаны анықталды.

Баспасөз релизі

19/01/2024

2024 жылғы 19 қаңтарда Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты К.-ға қатысты аса ірі мөлшерде есірткі заттарын жымқыру; тонау; ұрлау; өткізу мақсатында аса ірі мөлшердегі есірткі заттарын заңсыз сақтау, тасымалдау; көрінеу он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас жасау фактілері бойынша қылмыстық істі қарады (ҚК 298-б. 4-б., 191-б. 2-б. 1) т., 297-б. 3-б. 3) т., 122-б. 1-б., 188-б. 2-б. 4) т.).

Сотпен не анықталды

Заңсыз алынған зейнетақы сомасын өндіру туралы іс қаралды

19/01/2024

Павлодар облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы талапкердің бірінші сатыдағы қанағаттандырудан бас тартылған сот шешіміне түскен апелляциялық шағымы бойынша «М» ММ-нің Ш.-ға қатысты заңсыз алынған зейнетақы сомасын өндіру туралы істі қарады (іс № 5599-23-00-2а/1454).

Апелляциялық шағымда талапкер сот шешімінің күшін жойып, талапты қанағаттандыру жөніндегі жаңа шешім шығаруды сұрады.

Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды

18/01/2024

2024 жылғы 18 қаңтарда Павлодар қаласының №2 соты денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (ҚК 106-бабының 1-бөлігі) фактісі бойынша сотталушы Д.-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

 

Сот нені анықтады:

2023 жылдың 25 қазанында бірге тұратын Д. және С., Павлодар қаласындағы пәтерде спирттік ішімдік ішкен.

С., масаң күйде болып қызғаныштан Д.-ның басынан банкамен ұрған.

Бұған жауап ретінде Д., жәбірленуші С.-ның ішіне пышақ сұғып, соңғысының денсаулығына ауыр зиян келтірген.

 

Алкоголь өнімдерін сатқаны үшін

18/01/2024

Железин аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 200-бабы 1-бөлігі бойынша (21 жасқа дейінгі тұлғаларға алкоголь өнімдерін сату) жеке кәсіпкерге қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы ісі қаралды.

Іс материалдары  бойынша, ЖК, дүкеннің иесі бола тұра,   екі шөлмек сыра түріндегі алкогольдік өнімін 2003 жылы туған,  О-ға сатуына жол берген.

Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды

15/01/2024

2024 жылғы 15 қаңтарда Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты адам өлтіру фактісі бойынша С.-ға қатысты қылмыстық істі қарады (ҚК 99-б. 1-б.).

 

Сот нені анықтады

2022 жылғы 31 қазанда Тереңкөл ауылындағы пәтерде С. мен оның азаматтық әйелі О.-ның арасында көмір сатып алуға қалдырылған 36000 теңгені жұмсағаны үшін жанжал болды.

Жанжал барысында О. масаң күйде болып, С.-ға табамен соққы жасамақ болды.  

Павлодар облыстық сотында сот төрелігін жүзеге асырудың 2023 жылға арналған қорытындылары бойынша жалпы отырыс өтті

15/01/2024

Павлодар облыстық сотында облыстық соттың төрағасы Б.С. Қарамановтың төрағалығымен облыс соттарының 2023 жылға арналған сот төрелігін жүзеге асыру қорытындылары бойынша жалпы отырыс өтті, оған сот алқаларының төрағалары, облыстық соттың судьялары, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары, судьялары, «Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі Павлодар облысы бойынша департаменті» РММ басшысы А.А.Балғабаев, аудандық және оған теңестірілген соттар әкімшілерінің басшылары бейнеконференцбайланысы арқылы қатысты.

Мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы іс қаралды

12/01/2024

Павлодар қалалық соты салық органының жеке тұлғаға және заңды тұлғаларға мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы талап қоюы бойынша азаматтық істі қарады.
172 миллион теңгеден астам сомаға салық алу құқығының бұзылуы сотқа жүгінуге негіз болды.
Іс бойынша, М жармаларды химиялық тазарту және бояу бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыра отырып, заңды тұлғалармен шарт жасасқаны, 860 000 000 теңгеден астам сомаға жармаларды сатуға жалған шот-фактуралар жазғаны белгілі.

Баспасөз релизі

08/01/2024

2023 жылғы 28 желтоқсанда Павлодар облысы Аққулы ауданының соты Аққулы ауданы білім бөлімі "Қызғалдақ" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры-Қ. Қ.-ға және бухгалтер-К.Г. –ға қатысты сеніп тапсырылған мүлікті аса ірі мөлшерде талан-таражға салу фактісі бойынша (ҚР ҚК 189 б. 4 б. 2т.) қылмыстық істі қарады.

Сот нені анықтады 

Азаматтық іс бойынша Медиация

08/01/2024

Павлодар қалалық соты коллекторлық агенттік пен қарыз алушы арасындағы берешек сомасын өндіріп алу туралы азаматтық  дауды қарады.

Сот коллекторлық агенттіктің шарттары бойынша қарыз алушы қарыз сомасын уақтылы қайтаруға міндеттегенін анықтады. Алайда, негізгі борыш пен сыйақыны төлеу жөніндегі щарттық міндеттемелерді тиісінше орындамаған. Осыған байланысты 772 586 теңге қарыз пайда болды. Талап қоюшы дауды сотқа дейін реттеу бойынша барлық шараларды қабылдады, бірақ тараптар өз бетінше келіспеді және бұл  сотқа жүгінуге алып келді.

Беттер