Жаңалықтар

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша медиация

05/01/2024

Успен аудандық соты отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттер фактісі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.

Іс материалдарынан азамат Я. 2023 жылдың 31 желтоқсанында сағат 14:20 шамасында үйде болған кезде отбасылық жанжал шығарып, жұбайы Я.-ға қатысты әдепсіз сөз сөйлегені шығады. Осылайша, Я. ҚР ӘҚБтК 73-бабының 1-бөлімінде көзделген құқық бұзушылық жасады.

Істі сотта қарау кезінде жәбірленуші Я. мен оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған адам Я. медиация тәртібімен дауды (жанжалды) реттеу туралы келісім түсті.

Павлодар облыстық сотында қылмыстық істер бойынша семинар сабағы өтті

29/12/2023
Семинарға Павлодар облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы М.Е. Солтыбаев, Павлодар облыстық сотының судьялары М.С. Рымбаев, С.К. Тасмағамбетова, И. Ю. Каркада, қылмыстық істерді қарайтын Павлодар облысы соттарының төрағалары мен судьялары бейнеконференциябайланысы арқылы қатысты.

Қылмыстық іс бойынша үкім шығарылды

29/12/2023

 2023 жылғы 29 желтоқсанда Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жабық сот талқылауында кәмелетке толмаған Б. мен жәбірленуші жас баланы күш қолдану арқылы зорлау және сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық фактісі бойынша А.-ға қатысты қылмыстық істі (ҚК 120-б. 3-1-бабы 1-т., 121-б. 4-б., 120-б. 4-б.) қарады.

Іс жабық сот отырысында қаралғандықтан, істің мән-жайлары заңға сәйкес жария етілмейді.

 

Тараптардың ұстанымы

Берешекті өндіріп алу туралы іс қаралды

29/12/2023

Павлодар облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы талапкердің бірінші сатыдағы қанағаттандырудан бас тартылған сот шешіміне түскен апелляциялық шағымы бойынша «П» ЖШС.-нің «БК» ЖШС-не қатысты берешекті өндіріп алу туралы талап қоюы бойынша істі қарады.

Алимент төлеуден босату туралы іс қаралды

28/12/2023
Павлодар облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы талапты қанағаттандырудан бас тартылған бірінші сатыдағы соттың шешіміне талапкердің апелляциялық шағымы бойынша түскен алимент төлеуден босату туралы Ш.-ның Ж.-ға талап қою бойынша істі қарады.
Іс материалдарынан 2021 жылы туған кәмелетке толмаған Ж.-ға қатысты Ш.-ның әке болуы бұрын анықталғаны және табысының немесе өзге табысының 1/4 бөлігі мөлшерінде, ол кәмелетке толғанға дейін ай сайын алимент өндірілгені анықталды.
Сот шешімі 2022 жылдың 16 ақпанында заңды күшіне енді.

Банк қызметтері саласындағы кибер алаяқтыққа байланысты дөңгелек үстел

22/12/2023

Павлодар қалалық соты банк қызметтері саласындағы кибер алаяқтыққа байланысты сот істерін қарау кезіндегі сот практикасы мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға Павлодар қалалық сотының судьялары А. А. Кульбаева, Ф.Ғ. Омарова, Р.Р. Турманов, Б. С. Карина, Павлодар облысы полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің бастығы Р. Ж. Жанат, «CyberPol» тобының жетекшісі Р. Ш. Ахметзянов, Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің бірінші жедел басқармасының басшысы Ж. Т.

Дау медиативтік келісіммен реттелді

22/12/2023

Медиация-дауға тартылған және медиация рәсіміне өз еркімен қатысатын Тараптарға жәрдем көрсететін үшінші мүдделі емес тараптың қатысуымен дауларды шешудің балама әдісі.​

Рәсімнің мақсаты Тараптардың әрқайсысының өз мүдделерін қорғау құқығын өзара құрметтеу және қабылдау негізінде өзара қолайлы шешім әзірлеу болып табылады.

Берешекті өндіріп алу туралы іс қаралды

21/12/2023
Павлодар облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы талап қоюды қанағаттандырудан бас тартылған бірінші сатыдағы соттың шешіміне талапкердің апелляциялық шағымы бойынша түскен берешекті өндіріп алу туралы "F" АҚ-ның талап қоюы бойынша істі қарады.
Іс бойынша "А" АҚ (қазіргі "F" АҚ) мен Ж. (жауапкердің жұбайы Ж.) арасында екі банктік қарыз шарты жасалғаны анықталды, олардың талаптары бойынша Ж. 2016 жылғы 11 маусымға дейін 800 000 теңгені, 2016 жылғы 08 сәуірге дейін 1 090 000 теңгені қайтаруға міндеттенді.

Павлодар облысының соттарында жаңа тағайындаулар

20/12/2023
Павлодар облыстық сотында облыстық соттың төрағасы Б.С. Қарамановтың басшылығымен кеңес өтті, оған облыстық сот алқаларының төрағалары, облыстық соттың судьялары, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары, "Қазақстан Республикасының Павлодар облысы бойынша Сот әкімшілігі департаменті" РММ басшылығы, сот әкімшілерінің басшылары бейнеконференцбайланыс арқылы қатысты.
 

«Қауіпсіз еңбек жағдайлары. Қадір-қасиетті қорғау құқығын жүзеге асыру, еңбек саласында зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел

19/12/2023

Павлодар қалалық соты Павлодар облыстық соты мен Павлодар облысының Кәсіподақ орталығы арасында жасалған өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы Меморандумды орындау мақсатында «Қауіпсіз еңбек жағдайлары. Қадір-қасиетті қорғау құқығын жүзеге асыру, еңбек саласында зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Беттер