Жаңалықтар

Оқытуға алимент өндіріп алу туралы талап медиация тәртібімен шешілді

09/02/2024

Успен аудандық соты алимент өндіріп алу туралы талап бойынша азаматтық іс бойынша медиативтік келісімді бекітті.

Жауапкердің 19 жасар қызы сотқа шағым түсіріп, соттан 21 жасқа толғанға дейін әкесінен алимент өндіріп алуды сұрады. Қыз университетте күндізгі формада оқиды, осыған байланысты материалдық қолдау қажет.

Сот отырысында тараптар медиация тәртібімен істі тоқтату туралы өтініш білдіріп, сотқа медиативтік келісімді ұсынды, оның шарттары бойынша қызы талап қоюдан бас тартады, ал әкесі оны оқу уақытында ұстауға міндеттенеді.

Сотпен айыпақыны өндіруден бас тартылды

08/02/2024

Павлодар облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы талап қоюшының бірінші сатыдағы қанағаттандырудан бас тартылғын сот шешіміне түскен апелляциялық шағымы бойынша Ш.-ның С.-дан тұрақсыздық айыбын өндіру туралы талап қоюы бойынша істі қарады (іс № 5599-23-00-2а/1651).

Іс бойынша 2021 жылдың наурыз айында тараптар арасында қолхатпен рәсімделген заем шарты жасалғаны, оған сәйкес жауапкер С. 2021 жылдың 1 мамырына дейін талап қоюшыға 2 150 000 теңге төлеуге міндеттенгені анықталды. Алайда жауапкер көрсетілген мерзімде міндеттемелерін орындамаған.

Жұмыс кездесуі өткізілді

07/02/2024
2024 жылғы 6 ақпанда Успен аудандық сотының төрағасы А.Ахмет судья А.С. Ахметовамен бірге «Қосақ», «Найза», «Жетісу» шекара бекетінің бақылаушылары, офицерлері сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Павлодар облысы бойынша департаментінің тергеу бөлімінің қызметкерлері әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді өндіру және қарау мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді.
Іс-шара барысында қатысушылар әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы дайындау және істі сотқа жолдау тәртібіне қатысты проблемалық мәселелерді талқылады.

Сот көлікті сапасыз жөндеуге төленген материалдық залалды өндірді

02/02/2024

Павлодар облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы жауапкердің бірінші сатыдағы ішінара қанағаттандырылған сот шешімімне түскен апелляциялық шағымы бойынша С.-ның «Ч» ЖК-не қатысты материалдық залал мен моральдық зиянды өндіру туралы талап қоюы бойынша істі қарады (іс № 5599-23-00-2а/1556).

Іс бойынша, 2023 жылдың наурыз айында С.-ның «Hyundai Accent» маркалы автокөлігінің қозғалтқышын жөндеу үшін көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу қызметтерін көрсетумен айналысатын «Ч» ЖК барғаны анықталды.

Сот интернет-дүкенмен сатып алу-сату шартын бұзды

02/02/2024

Павлодар қалалық соты Н.-ның ЖШС-не қатысты сатып алу-сату шартын бұзу, тауардың құны мен моральдық зиянды өндіру туралы талап қою бойынша азаматтық істі қарады.

Сотта Н.-ның 2023 жылдың жазында интернет-дүкен қосымшасы арқылы жалпы құны 517 мың теңгеге екі «Samsung» теледидарын сатып алғаны анықталды. Тауарды алғаннан кейін бір теледидардың жұмыс істемейтіні анықталды. Талап қоюшы бұл мәселе бойынша қызмет көрсету орталығына жүгінген, бірақ оның шағымы тауардың пайдаланылғанын және оның көрсетілімі жоғалғанын алға тартып, қанағаттандырусыз қалдырылды.

«Мәжбүрлі түрде емдеуге жіберу туралы арыздардың сапасы»

01/02/2024

Железин аудандық сотының төрағасы А.Сыздыковпен, аудан прокуроры Ә.Шокеевтың, Железин орталық  ауруханасының заңгері Л.Чеснокованың және  полиция қызметкерлердің қатысуымен  алкогольді маскүнемдіктен мәжбүрлі түрде емдеуге жіберу туралы арыздарды құрастыру сапасы  бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Сот жауапкерді белгіні алып тастауға міндеттеді

31/01/2024

Павлодар қалалық сотымен белгіні алып тастауғаміндетті жүктеу туралы талап қою бойынша азаматтық істі қарады.

Іс матриалдарынан С. Компьютерлік техника дүкенінің иесі, К. – салонның иесі екені белгілі. Екеуі де бірінші қабатта орналасқан.

Жауапкерге тиесілі белгі талакердің терезелерінің үстіне ілініп тұрған.

Талапкердің талаптары жауапкердің рұқсатсыз терезенің бір бөлігін жабатын белгіні орнатып, жарықтың енуіне жол бермейді, элект энегриясын тұтыну шығындарын арттырады.

Куәландырудан өтуден бас тартқаны үшін әкімшілік жауапкершілік

30/01/2024

Павлодар қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйін куәландырудан өтуден бас тарту фактісі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі істі қарады (ӘҚБтК 613-б., 4-б.).

Жүргізуші куәлігінен айыру

29/01/2024

Павлодар қалалық  сотымен жеке сот орындаушысының борышкерге бұрын берілген арнаулы құқықтарын уақытша тоқтата тұру туралы ұсынымы  қаралды.

Өтінімге ЧСМ-нің Щ.-дан М.-ның пайдасына 40 млн.теңгеден астам қарызды өндіру туралы атқарушылық іс жүргізу де болуы себеп болып отыр. Борышкердің ақшалай қаражаты немесе мүлкі жоқ, борышкер атқару құжатының талаптарын орындау үшін тиімді шаралар қолданбайды. Борышкерде тек тіркелген жүргізуші куәлігі бар.

Павлодар облысы соттарында 2023 жылғы сот төрелігін жүзеге асыру қорытындылары туралы брифинг

26/01/2024

2024 жылғы 26 қаңтарда Павлодар облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Павлодар облысы соттарында 2023 жылғы сот төрелігін жүзеге асыру қорытындылары туралы БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өтті.

Қылмыстық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру нәтижелерін журналистерге Павлодар облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Мұрат Солтыбаев айтып берді.

Беттер