Сот алқасымен шартты біржақты бұзу заңсыз деп танылды
Павлодар облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы талап қоюшының бірінші сатыдағы сот шешіміне түскен апелляциялық шағымы бойынша Б «ЖШС»-нің «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрi – Инспекция) шартты біржақты бұзуды заңсыз деп тану туралы талап қоюы бойынша азаматтық істі қарады (іс № 5599-24-00-2а/60).