Жаңалықтар

Павлодарда судьялар құрметті демалысқа шықты

14/12/2023

Бүгін Павлодар облыстық сотында Павлодар облыстық сотының судьясы Теміртас Тортайұлы Махватов пен Ақсу қалалық сотының судьясы Қазбек Насырдинұлы Калтеновтың құрметті демалысқа шығуына байланысты салтанатты іс-шара өтті.

Судьялар корпусы облыстық сот төрағасының міндетін атқарушы С.К. Төлегенов, сот жүйесінің ардагерлері, судьялар мен облыстық және аудандық соттардың қызметкерлері осы айтулы күні судьяларға құрмет көрсету үшін жиналды.

Пара алу және беру фактісі бойынша іс қаралды

14/12/2023

2023 жылғы 13 желтоқсанда Павлодар қаласының № 2 соты А.С. және Б.Н.-ға қатысты пара алу (ҚК 366-б. 2-б., 366-б. 3-б. 4) т.), А.Е.-ге қатысты пара беру (ҚК 367-б. 2-б.), сондай-ақ Д.Б.-ға қатысты парақорлыққа делдал болу, құқық беретін көрінеу жалған құжатты қолдан жасау және пайдалану, бірнеше рет пара беру және пара беруге оқталу фактілері (ҚК 368-б. 1-б., 385-б. 1-б., 24-б. 3-б.- 367-б. 3-б. 3) т., 367-б. 3-б. 3) т.) бойынша  қылмыстық істі қарады.

 

Сотпен не анықталды

«Бүгінгі студент - ертеңгі маман»

13/12/2023

Бүгін Павлодар облыстық сотында Инновациялық Еуразия Университеті жоғары колледжі «құқықтану» мамандығының үшінші курс студенттері үшін ашық есік күні өтті.

Кездесуді «Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Павлодар облысы бойынша департаменті» РММ басшысы Абзал Әбілхақұлы Балғабаев өткізді.

Абзал Әбілхақұлы студенттерге Департаменттің қызметі, сот органдарының инновациялары туралы айтып, оларға сот жүйесіндегі мемлекеттік қызметте мансаптық өсу перспективаларын түсіндірді.

«ҚПК 106-бабы тәртібімен шағымдарды қарау, бұлтартпау шаралары мен жекелеген тергеу әрекеттерін санкциялау кезіндегі өзекті мәселелер»

11/12/2023

Павлодар облыстық сотында 2023 жылғы 8 желтоқсанда дөңгелек үстел отырысы өткізілді, оған қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының м.а. М. Рымбаев, прокуратура және құқық қорғау органдары, адвокатураның өкілдері, адам құқықтары жөніндегі уәкіл қатысты.

Бейнеконференцбайланысы арқылы Павлодар қаласының шегінен тыс орналасқан облыстың судьялары қатысты.

Радиодағы эфир

11/12/2023

«Халық радиосы» эфирінде Екібастұз қалалық сотының судьясы Қабдығалиев Самат Жанатұлы сөз сөйледі. Көліктегі қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы сұраққа жауап берді.

Павлодар облыстық сотында «Кедендік тексерулер бойынша әкімшілік актілерді даулау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

11/12/2023

Іс-шараға Павлодар облыстық соты әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы М.А.Рысбеков, Павлодар облыстық сотының судьялары, Павлодар облысы МАӘС мен Павлодар облысы № 2 МАӘС төрағалары мен судьялары, «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының директоры Е.К. Әбенов, Павлодар облысы бойынша МКД басшының орынбасары Р.К. Рахымберді, Павлодар облысы бойынша МКД бас мамандары А.С. Сүлейменова, Ж.Т. Ахметова қатысты.

Іс-шараны ашқан әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Мәди Рысбеков сөз сөйлеп, кедендік дауларда туындайтын даулы мәселелерге назар аударды.

Моральдық зиянды өндіру туралы іс қаралды

08/12/2023

Павлодар облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы жауапкердің бірінші сатыдағы соттың ішінара қанағаттандырылған шешіміне апелляциялық шағымы бойынша түскен К.-ның «Т» ЖК-нен моральдық зиянды өндіру туралы талап қоюы бойынша істі қарады (№ 5599-23-00-2а/1263 іс).

Іс бойынша 2023 жылғы 28 ақпанда күндізгі уақытта кәмелетке толмаған К.А. анасымен бірге «М» сауда үйінің №17 балалар ойыншықтарының бутигінде болғаны, ол жерде балаға «Romana» балалар спорттық - ойын кешені (бұдан әрі - кешен) құлағаны анықталды.

Бұл бутикті «Т» ЖК жалға алған.

«Кәмелетке толмағандар арасындағы зорлық-зомбылықтың, буллингтің және суицидтің алдын алу»

07/12/2023

Павлодар облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Кәмелетке толмағандар арасындағы зорлық-зомбылықтың, буллингтің және суицидтің алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараның спикерлері сот судьялары Б.К. Батталова, М.М. Ахметбекова, Павлодар облысы полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының  аса маңызды тапсырмалары бойынша аға инспекторы Б.Т. Камзина, сот инспекторы - психолог С.Г. Шиман болды.

Адамдар тобымен адам өлтіру фактісі бойынша іс қаралды

05/12/2023

2023 жылғы 4 желтоқсанда Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты А.Е. және А.Р. қатысты адамдар тобымен жасаған адам өлтiру, тонау (ҚК 99-б. 2-б. 7) т., 191-б. 2-б. 1), 3) т.) және А.Е.-нің ұрлық жасау фактісі бойынша (ҚК 188-б. 1-б.) қылмыстық істі қарады.

Сотпен не анықталды

2022 жылдың мамыр айында А.Е. Павлодар қаласының «Лесозавод» ауданында өз уақытын мақсатсыз өткізіп, В.-ға тиесілі металл заттарын ұрлап, жалпы сомасы 50 000 теңгеге материалдық шығын келтірді.

Беттер