2013 жылы ақпанның 06 БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2012 жылғы Павлодар облыстық соттарымен атқарған жұмыс қорытындысы бойынша
БРИФИНГ

Өткізу мерзімі: 06.02.2013 ж. 11 сағат 00 минут
Өтетін орыны: Павлодар облыстық сотының ғимараты.
Ұйымдастырушы: Павлодар облыстық сотының судьясы, соттардың бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара байланыс жөніндегі координатор Т.Ю.Мирзоян, облыстық соттың баспасөз қызметі; 

Қатысушылар:
Павлодар облыстық сотының төрағасы Ә.Б.Қаженов;
Қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Н.Ө.Жолдасбеков;
Азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының  төрағасы А.С.Күзеков;
Қалалық соттардың төрағалары;
Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері;

    Статистика деректеріне сәйкес облыс соттары өткен жылдың он екі айында барлығы 57 787 іс қараған, бұл көрсеткіштен өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 4346 іске немесе 8,1 пайызға көбейгендігі байқалады.
            Қаралған істердің  негізгі бөлігі 41 192 іс немесе 71,3 пайызы азаматтық істер. 
Бір судья орташаайлық күш есебіне сәйкес (Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалалық соттары) 103,4 азаматтық істі қараған, бұл белгіленген мөлшерден 5,1 есе көп деген сөз. Екібастұз қаласында жүктелген істер көлемі тым жоғары, ол 140,8 істі құрайды, соған қарамастан аталған соттармен істерді қараудың процессуалдық мерзімін кешеуілдетуге жол берілген жоқ.
    Өзгертілген және бұзылған сот актілерінің саны 408 немесе қабылданған шешімдердің 1,43 пайызын құрады (өткен жылы ол 450 немесе 1,69 пайыз болған).
      2012 жылдың 12 айында 2654 қылмыстық іс қаралды.  Ең көп қаралғаны Павлодар қаласының № 2 сотында 832 толық аяқталған аудандық және оларға теңестірілген облыстық сот істерінің 31,4 пайызы, Екібастұз қалалық сотымен – 565 іс қаралды немесе 21,3 пайыз.
     Жалпы 1016 адам сотталды, оның 437-і немесе 43 пайызы бас бостандығынан айрылды.
Осы орайда бас бостандығынан айрылғандардың саны өткен жылмен салыстырғанда 20,1 пайызға кемігені байқалады (өткен жылы бұл көрсеткіш 547 адам болатын).
593 адам (58,4 пайыз) меншікке қол сұғу қылмысын жасаған, жеке адамдарға қарсы қылмыс жасағандар - 193 адам (19 пайыз), тұрғындардың денсаулығына және рухани өміріне қарсы қылмыс жасағандар – 57 адам (5,6 пайыз) қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыс жасағандар - 75 адам (7,4 пайыз), экономикалық қызмет саласындағы қылмыс – 13 адам (1,3 пайыз), көлік қылмыстарын жасағандар - 7 адам (0,7 пайыз), жанұя мен кәмелеттік жасқа толмағандарға қарсы жасалған қылмыс – 6 адам (0,6 пайыз), адам мен азаматтың конституциялық және басқа да құқықтарына қарсы жасалған қылмыс – 1 адам (0,1 пайыз), бейбітшілік пен тіршіліктің қауіпсіздігіне қарсы қылмыс жасағандар - 1 адам (0,1 пайыз), экологиялық қылмыс – 1 адам (0,1 пайыз).
Облыс судьялары 7 адамды ақтау бағытында 6 үкім шығарды, оның  ішінде 1 адамды ақтаған үкім заңды күшіне енді, 2 адамды ақтау жөніндегі үкім бұзылды, 4 адамға қатысты үкімдер заңды күшіне енген жоқ.
   Соттар сотталғандарға баламалы айыптау шараларын белгілеу тәжірибесін қолдануда. Өткен жылға қарағанда сотталғандардың санының азайуына баламалы айыптау шараларын қолданудың  (өткен жылы 35,9 пайыз болса, биыл 40,8 пайыз) ықпалы 4,8 пайызға өскендігі байқалады.
Күші жойылған немесе өзгертілген сот актілері 115 тұлғаға қатысты немесе 4,2 пайыз (сотталғандар, ақталғандар, қысқартылғандар және медициналық сипаттағы шара қолданылғандар саны) 2011 жылдың 12 айында ол 87 немесе 3,01 пайызды құраған.
2012 жылдың 12 айында сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша 33 тұлғаға қатысты 31 іс аяқталды, олардың 23 тұлғаға 22 іс бойынша айыптау үкімін шығарылды (2011 жылдың 12 айында – 40 тұлға). Нақты бас бостандығын айырумен сотталды – 7 тұлға немесе 30,4 пайыз (2011 жылдың 12 айында – 21 тұлға немесе 52,3 пайыз). 22,1 пайызға жазалау практикасының кемуі байқалады.
2012 жылдың 12 айында соттар өндірісінде (ҚР ҚК 259 б.) есірткі заттарды заңсыз айналымымен байланысты қылмыстар бойынша 77 қылмыстық іс болды, бұл облыс соттары өндірісіндегі қылмыстық істердің жалпы санынан 2,6 пайызды құрады.
2012 жылдың 12 айында облыс соттарымен 445 тұлғаға қатысты қамауға алуды санкциялау туралы өтініштер қарастырылды, қарастыру нәтижесі бойынша 425 тұлғаға немесе 95,5 пайыз тұлғаға қатысты қамауға алу санкцияланды, 20 тұлғаға немесе 4,5 % -на бас тартылды.
Есеп кезеңінде облыс соттарымен 13 941 әкімшілік іс қаралған, облыс бойынша, ол өткен жылмен салыстырғанда 329 іске немесе 2,3 пайызға кем.  Күші жойылған және өзгертілген 22 қаулы немесе 0,16 пайыз (өткел жылдың 12 айында 36 қарсы немесе 0,25 пайыз).
Барлық қарастырылған 3787 әкімшілік істен 27,2 % жүргізушінің алкогольді мас күйінде көлік құралын жүргізу (ҚР ӘҚБтК 467 б.) қарастырылды.
3026 құқық бұзушы арнайы құқығынан айрылған, 774 – әкімшілік қамауға алу түрінде жаза тағайындалған, 10 – әкімшілік айыппұл салынды.

Павлодар облыстық сотының
баспасөз қызметі