300 миллионнан аса теңгені өндіріп алу туралы дау талаптардың татуласуына байланысты шешілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2014 жылдың мамырында Банк пен ЖШС 323 016 648 теңге мөлшерінде сомаға несиелік желі ашу туралы Келісім жасады. Алайда қарыз алушылармен төлеудің белгіленген тәртібі бірнеше рет бұзылған және бүгінгі күнге дейін тәртіп сақталмауда, бұл негізгі қарыздың, сыйақының қайтарылуын кешіктіріп, берешектің өсуіне әкелді.

Осыған байланысты Банк ЖШС-не негізгі қарыз бен берешекті өндіру туралы арызбен Павлодар қалалық сотына жүгінді.

Азаматтық істі қараған кезде тараптар медиация тәртібінде дауды реттеу туралы келісімді сотқа ұсынды, оның шарттары бойынша талапкер жауапкерлерге қойылған талаптардан бас тартады, ал соңғылары өз кезегінде қалыптасқан берешектің өтелуімен байланысты міндеттемелердің бірқатарын өздеріне алады.

Сотқа ұсынған келісімнің бекітуімен байланысты азаматтық іс қысқартылған болатын, талапкерге жергілікті бюджеттен талапты сотқа берген кезде төленген 11 528 761 теңге мөлшерінде мемлекеттік баж қайтарылған.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.       

Источник: 
Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі