Ата-ана құқығынан айыру туралы талап арыздар және азаматтық істерді қарау бойынша сот төрелігін асыру бойынша дөңгелек үстел

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2017 жылдың 20 маусымда Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ата-ана құқығынан айыру туралы талап арыздар және азаматтық істерді қарау бойынша сот төрелігін асыру бойынша дөңгелек үстелөткізілді.

Іс-шараға соттың судьялары, ювеналдық прокурор Г.А. Тұяқбаева, «Павлодар қаласының білім бөлімі» ММ-нің жетекші маманы Г.Б. Кощегулова, «Ақсу қаласының білім бөлімі» ММ-нің жетекші маманы А.Ж. Балтабаева қатысты.

«Ата-ана құқығын айыру туралы өзекті сұрақтар» тақырыбына соттың судьясы М.А.Иванова баяндамамен сөз сөйледі.

Дөңгелек үстелге қатысушылармен ҚР АІЖК-нің 77 бабымен регламенттелген балалардың құқықтарын дөрекі түрде бұзу үшін ата-ана құқығын айыру негіздері жайлы айтылып, талқыланды.

Источник: 
Павлодар облысының кәмелетке томағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі