Азаматша С. сотқа құрмет көрсетпеген үшін жауапқа тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Екібастұз қалалық сотымен А. азаматқа қатысты  қылмыстық істі қарау барысында А. азаматша жәбірленушінің тарапынан сотқа құрмет көрсетпеу фактісі анықталды –азаматша С. сот отырысында тәртіп сақтау жөнінде төрағалық етушінің бірнеше рет ескертуіне қарамастан, төрағалық етушінің  бұйрығына бағынбай және сотта бекітілген тәртіпті  бұзып, сотқа құрмет көрсетпеген үшін ӘҚБжК-нің 653 бабы 1 бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сот кінәлінің жеке тұлғасын және оның зейнеткерлік жасын ескеріп есерту түрінде әкімшілік жазасымен шектелді. 

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Екібастұз қалалық сотының баспасөз қызметі