Баянауыл аудандық сотында «Дыбыс және бейне жазбаны қолданумен сот мәжілісі хаттамасын дайындау тақырыбында семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семинарға кеңсе меңгерушісі және сот мамандары қатысты.

Өз сөзінде кеңсе меңгерушісі А.М.Омарова 100 пайыз ДБЖ қолдануды енгізумен сот мәжілісінің хаттамасы автоматты түрде жүргізілетіндігі және заманауи технологиялар сот мәжілісінің хатшысының жұмысын көп жеңілдеткенін атап өтті. Бірақ басты рөлде ДБЖ жұмысында сот отырыстарының уақытылы басталуы.

Сот мәжілісінің хатшысы С.М.Уалиева қазіргі уақытта сот жүйесінде ДБЖ барлық сот мәжіліс залдары жабдықталғанын және бағдарламаны қамтамасыз ету бөлігінде жұмыс жасалып, жаңғыртылуда екенін атап өтті.

ДБЖ қолдану соттардың жұмысның ашықтығының деңгейінің көтерілуіне ықпал ететіндігі және Қазақстан Республикасының сот жүйесінің  мәртебесінің жоғарылуына әсер ететіндігін атады.

Источник: 
Баянауыл аудандық сотының баспасөз қызметі