Берешек соммасы регресс тәртібінде өндіріп алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сақтандыру компаниясы азамат Р.-қа  2 495 900 теңге көлемінде  кері талап ретінде сақтандыру соммасын өндіріп алу туралы талап ұсынды.

  Азамат Р.   «Daimler Benz» көлік құралын мас күйінде жүргізгіп, оның кінәсімен  жол-көлік оқиғасы болған, нәтижесінде С. жолаушы алған дене зақымдан қайтыс болған деп талапкердің талап арызы дәлелденді.

Сот қаулысымен жауапкер Р., ӘҚБтК 608 бабы 3 бөлігімен, әкімшілік құқық бұзған үшін кінәлі деп танылды.

Алдын ала талапкер мен жауапкер арасында көлік құралдары иелерінің  азаматтық - құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру, сақтандыру полисті беру арқылы келісім шарты құрылған.

Пайда алушы Б. тұлға (жәбірленуші жағынан),  жәбірленуші өліміне және жерлеу шығындарын сақтандыру жағдайына  байланысты сақтандыру соммасын төлеу туралы талапкер атына арызбен жүгінді.

Сақтандыру компаниясы осы оқиғаны сақтандыру жағдайы ретінде танып, жәбірленуші Б. пайдасына 2 495 900  тенге көлемінде сақтандыру соммасын төлеген, оны кері талап ретінде жауапкерден өндіріп алуды сұрайды.

         2003 жылы 01 шілдегі ҚР «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Заңының 28 бабы 1 тармағы 3 тармақшасына сәйкес, сақтандыру төлемiн жүзеге асырған сақтандырушы сақтанушыға (сақтандырылушыға) төленген сома шегiнде мынадай жағдайларда, егер сақтанушының (сақтандырылушының) азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi оның көлiк құралын алкогольге, есiрткiге немесе уытқұмарлыққа мас болып жүргiзуi салдарынан басталса, кері талап қоюға құқылы.

Сот отырысында, сақтандыру төлем соммасын пайда алушыға төлеген жауапкермен кері өтеуді регресс тәртібінде талап ету құқығын (сақтандырушыға) талапкерге береді және пайда алушы пайдасына сақтандыру төлемін жүзеге асыру бойынша сақтандырушыға міндетті тартатын, жауапкер құқық бұзушылықты жасады, деп анықталды.  

Сот талқылауы барысында жауапкер талапты толық көлемде мойындады.

Сот шешімімен сақтандыру компаниясының регресс тәртібінде сақтандыру төлем соммасын өндіріп алу туралы талабы толық көлемде қанағаттандырылды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Железин аудандық сотының баспасөз қызметі