Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурстық іріктеу рәсімін бұзу үшін жауаптылыққа тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Железин аудандық сотымен бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурстық іріктеу рәсімін бұзу фактісі бойынша, «Железин ауданының әкім аппараты» ММ-нің персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы Б-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, «Железин ауданының әкім аппараты» ММ-мен «Б» корпустағы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға мемлекеттік қызметшілер арасында конкурс өткізілді.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының  27 бабы 2 тармағы 3 тармақшасы  және әкімшілік лауазымына орналасу конкурстарды өткізу ережелердің 9 тармағы 3 тармақшасын бұзып, конкурсты өткізу кезінде, конкурстын міндетті кезеңі болып табылатын, мемлекеттік органның конкурстық комиссиясы құрылмаған.

Осымен бірге, Заңның 6 бабына сәйкес, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) өз құзыреті шегінде конкурстық іріктеу рәсімдерін сақталуын қамтамасыз етеді.

Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес, азамат Б-ның негізгі міндеттері аудан әкім аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімімен басқару және кадрлық іс жүргізу жұмысын бақылауды жүзеге асыру болып табылады.

Сот отырысында Б. кінәсін толық мойындады.

Сот қаулысымен Б.,  ӘҚБтК-нің 99-б. 1-б. бойынша құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 68 070 теңге көлемі әкімшілік айыппұл түрінде жазаны тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Железин аудандық сотының баспасөз қызметі