«Еңбек қатынастарынан туындайтын даулар және оларды сотқа дейінгі реттеу мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Железин аудандық сотында А.Т.Бесееваның, Павлодар облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторы Е.Н.Добровольских,  «Железин ауданының әкім аппараты» ММ-нің  құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Е.У.Кабиевтың және сот қызметкрлердің   қатысуымен «Еңбек қатынастарынан  туындайтын даулар және оларды сотқа дейінгі реттеу мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Судья А.Т.Бесеева кездесуді аша отырып, «еңбек – адам мен қоғамның өмір сүру және қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті материалдық, рухани және басқа да құндылықтарды жасауға бағытталған адам қызметі» екендігін атап өтті.  Жаңа Еңбек кодексі, Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында қабылданған, онда жұмыс берушімен жұмыс алушының арасындағы еңбек қатынасы айқын анықталған,  ұжымдық келісімінің маңыздылығымен жауапкершілігі бекітілген, жұмыскерлерге мемлекеттің ең төменгі деңгейде еңбек стандарттарының кепілі және компенсацияларды анықтау қарастырылғанын, сондай-ақ оларды жұмыс беруші тарапынан орындалуын қатаң бақылауға алу қамтамасыздандырылғанына тоқталды.

Сонымен бірге, судья өз сөзінде қатысушыларға тәртіптік жауаптылыққа тарту тәртібі, тәртіптік жазаға салу, еңбектік дауды шешу тәсілі туралы таныстырып, еңбектік даулар туралы азаматтық істер қарастырылуымен сол тәсілдері сот практикасында қолданылатыны туралы айтты. Сондай-ақ, медиация структурасын қолдану жайлы жұмыстын күшеюі туралы айтылды.

 «Дөңгелек үстелге» қатысушылар тақырыбы бойынша пікірлерімен бөлісіп, өзекті  сұрақтарды талқылады.

Источник: 
Железин аудандық сотының баспасөз қызметі