Кішкентай қызын асырауға алимент төлеуден жалтарғаны үшін, әкенің ата-ана құқығы шектелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2015 жылы туылған кәмелетке толмаған Аружанның анасы сотқа әкенің ата-құқығын шектеу туралы талаппен жүгінді. Баланың әкесі материалдық қамтамасыз етуден жалтарғаны, төленбеген алименттер бойынша  967 000 тенге көлемінде қарыздың болуы, кішкентай қызын тәрбиелеуден және білім беруден жалтарғаны оның сотқа жүгінуіне негіз болған. Баланың әкесі сотқа келмеді. Сот ұйғарымымен оған іздеу жарияланды.  Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі Мамандандырылған ауданаралық Сотының шешімімен талап қанағаттандырылды, бала анасының тәрбесіне берілді, жауапкердің ата-ана құқығы шектелді. Егер ата-ана құқығын шектеуден кейін алты ай өткен соң жауапкер бала тәрбиесіне деген көзқарасын өзгертпесе, баланың анасы сотқа ата-ана құқығынан айыру туралы талаппен жүгінетін болады. Сот шешімі баланың мүддесіне қарай қабылданды.

Қазіргі уақытта сот шешімі заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөнінідегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі