Құрылыс-монтаж жұмыстарының басталуы жөнінде хабарламаны берместен, құрылыс жұмыстарын жүрігізгені үшін Жеке шаруашылық серіктестігі әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік соты ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігі  бойынша «Компания Промышленных Материалов (КПМ)» Жеке шаруашылық серіктестігінің фирмасы («КПН» ЖШС) қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысы барысында «КПН» ЖШС-гі Павлодар қаласының солтүстік промауданы бойынша, құрылыс объектісі «Строительство железнодорожных подъездных путей» нысанының құрылыс-монтаж жұмыстарының басталуы жөнінде хабарлама берместен, құрылыс жұмыстарын жүрігізгені екендігі анықталды.

Сот қаулысымен «КПН» ЖШС-гі ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі