Павлодар аудандық сотында қатысуымен «Азаматтық істер бойынша оңайлатылған іс жүргізу» тақырыбында семинар сабағы өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар аудандық сотында судьялардың қатысуымен «Азаматтық істер бойынша оңайлатылған іс жүргізу» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Семинарда сот төрағасы А.С.Дюсебалиев өз баяндамасында дауларды қарастыру және шешу сапасын арттыру және тездету жөнінде айтты. Сондай-ақ, сот өндірісін жеңілдету мақсатында қысқартылған өндірістің жаңа түрі– оңайлатылған іс жүргізу тәртібі енгізілгенін түсіндірді.

Сот төрағасы оңайлатылған іс-жүргізу тәртібімен қаралатын істер санаттарының  қатары көбейтілгені, талап арызды сот өндірісіне қабылдау, оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен талап арыздарды қарау, істерді қарау мерзімі, сонымен қатар, оңайлатылған іс жүргізу тәртібінің азаматтық істі қарау барысындағы ерекшеліктері мен мазмұнына тоқталды.

Шара соңында қатысушылар оңайлатылған іс жүргізу тәртібі жөнінде  өзара пікір алмасты.

Источник: 
Павлодар аудандық соты баспасөз қызметі