Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшлік сотында жедел кеңес өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында 2017 жылы 22 мамырда сот төрағасы Н.Е. Есенжолов пен сот мамандарымен «Мамандандырылған күзет қызмет басқармасының» ММ -нің қызметкерлері қатысуымен жедел кеңес өткізілді. Жедел кеңесте 2017 жылдың 19 мамырдағы Павлодар облыстық сотының хаты талқыланды. 

Жедел кеңесте сот төрағасы Н.Е.Есенжолов  жергілікті соттардың ғимараттарында және оның аумағында  келушілер үшін өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету жөніндегі қағидасын, соттың аумағына және ғимараттарына алып өтуге тыйым салынған заттардың тізбесіне сәйкес тасымалдауға, өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету  бағытталған тәртіптік талаптарын түсіндірді.

Сонымен қатар,  сот төрағасы Н.Е.Есенжолов респудликалық сот ғимараттарында төтенше жағдайлардың жиіленуіне байланысты жергілікті соттың аумағына және ғимараттарына өткізу және объектішілік режимді ұйымдастыруды және жүзеге асыруды «МКҚБ» ММ-нің қызметкерлері  қамтамасыз ететіндігін, Жергілікті соттардың ғимараттарында және оның аумағында  келушілер үшін өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету жөніндегі қағидасының талаптарын қатаң ұстануы қажет екендігін айтып өтті.

Қайнар: 
ППавлодар қаласының Мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі