«Павлодар облыстық мамандандырылған Балалар үйі» ММ-нің екі тәрбиеленушінің анасының ата-ана құқығы қалпына келтірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2015 жылы туылған Ольганың және 2016 жылы туылған Алексейдің анасы ата-ана құқығынан шектелгеннен кейін, ата-ана құқығын шектеу салдарының күшін жою туралы арыз берді. Ата-ана құқығынан шектелген уақыт аралығында ол пәтерінде жөндеу жұмыстарын жасаған, жұмысқа тұрған, алкольді сусындар ішуін қойған, жұмыс орны мен тұрғылықты орны бойынша жағымды мінезделеді, Балалар үйіндегі кішкентай балаларына әрдайым барып тұрған. Жауапкер «Павлодар облыстық мамандандырылған Балалар үйі» ММ-сі және үшінші тұлға «Павлодар қаласының білім беру бөлімі» ММ-сі ата-ана құқығын шектеу салдарының күшін жоюға қарсы болмады.   Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі Мамандандырылған ауданаралық Сотының 23 тамыз 2017 жылғы шешімімен талап арыз қанағаттандырылды, ата-ана құқығын шектеу салдарының күші жойылды, балалар анасының тәрбиесіне берілді.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Источник: 
Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөнінідегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі