Сот актісін орындамағаны үшін әкімшілік қамаққа алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 669-бабымен (сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) қарастырылған К.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Павлодар қалалық сотының бұйрығымен К-дан «Цеснабанк» АҚ пайдасына келсім шарты бойынша 327 000 теңге банктік қарыз және 65 514 теңге мемлекет пайдасына баж салығы өндірілген. Алайда К., бүгінгі күнге дейін аталған сот бұйрығын орындамаған.

Сотта К., өз кінәсін мойындап, тұрақты табысы болмағандықтан, сот бұйрығын орындамағанын көрсетті.

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен К., ӘҚБтК-нің 669-бабымен көрсетілген әкімшілік құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде 1 тәулік әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

 Сот қаулысы заңды күшіне енген. 

Источник: 
Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі