Сот төрағасы семинар өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Н.Е.Есенжолов судьялар тарапынан жіберілген сот актілерінің күшін жою және өзгертілуі жөніндегі себептерін талқылау бойынша семинар өткізді.

Семинар сот төрелігін іске асыру сапасын арттыру, судьялардың кәсіптілігі мен құқықтық білімдерін көтеру мақсатында ұйымдастырылды.

Іс-шараның қорытындысы бойынша алдағы уақытта сот төрелігін іске асыру сапасын арттыру үшін қалыптасқан сот төрелігін жүргізу кезінде және сот практикасында нормативтік-құқықтық актілерін және «Талдау» форумын үнемі зерделеу бойынша судьялар ұсыныстар енгізді.

Төраға семинарды қорытындылай келе, судьялар үшін осындай талқылаулардың тиімділігін атап өтті.

Источник: 
Павлодар қаласының Мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі