Сот залынан

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар қалалық сотымен «Банк» АҚ-ның жауапкерлер Б-мен Е-ға қатысты кепілге салынған мүлікке өндіріп алуға жүгіну жолымен қарызды өндіріп алу және Б-ның «Банк» АҚ-на қатысты кепілдік келісімін бұзу туралы қарсы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Аталған талабында банк 2013 жылдың 26 қаңтардағы банктік қарыз келісімі бойынша кепілдік болған жауапкер Б-дан және 2013 жылдың 12 маусымындағы басқа қарыз келісімі бойынша қайтыс болған қарыз алушының мурагері болып табылатын жауапкер Е-ден қарыздарын өндіріп алуды өтінді.

Б қарсы талабымен кепілдік келісімін бұзуын өтінді, себебі оның жауапкершілігі тым артып кетті, және қолайсыз салдары туындады, бірақ келісім жасасқан кезде ол оған келісімін берген емес. Мұндай жауапкершіліктің артуын осылай түсіндірді: қарыз алушының өлімінен кейін ол регрестік талаптар ұсыну құқығынан айырылды, бірақ заң жүзінде ол құқығымен пайдалана алар еді.

Сот шешімімен талап ішінара қанағаттандырылды. Жауапкер Б-дан қарыздың толықтай сомасы өндірілді, себебі кепіл болған адамға қарыз алушымен бірдей жауапкершілік жүктелген. Кепілдік келісімін бұзу туралы қарсы талап қанағаттандырылмады, өйткені банктік қарыздың негізгі келісіміне өзгертулер енгізілмегені сотпен нақты анықталды. Жауапкер Е-ден қабылданған мұрагерлік мүлік көлемі есебімен қарыз ішінара өндіріліп алынды.

Арыздың басқа бөлімін қанағаттандырудан бас тартылды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Павлодар қалалық сотының баспасөз қызметі