Тараптардың медиация тәртібінде татуласуына байланысты қылмыстық іс қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Железин  аудандық сотымен   ұрлық жасау фактісі бойынша Р. қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚК 188 бабының 2 бөлігі 3 тармағы).

Қылмыстық іс материалдары бойынша, азамат Р. 2017 жылдың 03 шілдесінде Железин ауданы Захаровка ауылында танысы А.-ты жидек жинауға автокөлікпен апарып келу үшін өтінішімен келген. Бірақ, үйдің ауласына кіріп және үйде ешкім жоқ екеніне көз жетіп, жатаржай бөлмесінен «Самсунг» Duos   ұялы телефонда  ұрлап, 27 180 тенге нұқсан келтірді.

Сот отырысында сотталушы Р. мен жәбірленуші А. кәсіби емес медиатордың көмегіне жүгінді.

 Сотта жәбірленуші А. мен сотталушы Р., кәсіпқой емес медиатордың қатысуымен жасалған медиативтік келісімге келіп, барлық материалдық шығындар өтелгенін көрсетті.

Сот қаулысымен азамат Р., жәбірленуші А.-мен медиация тәртібімен татуласуына байланысты, ҚК-нің 68 бабы 1 бөлігінің негізінде қылмыстық жауаптан босатылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Железин аудандық сотының баспасөз қызметі