«Уәкілетті органдармен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы толтыруда қателіктерді жіберу туралы» тақырыпқа дөңгелек үстел

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Железин аудандық сотында «Уәкілетті органдармен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы толтыруда қателіктерді жіберу туралы» тақырыпқа дөңгелек үстел өткізілді.

Іс – шараға Железин аудандық сотының төрағасы Ғ.М.Ертаев,   аудан ІІБ жергілікті полиция қызмет басшының орынбасары Р.С.Дюсембаев, аудан ІІБ ЖПҚ жергілікті полиция қызметкері С.Герасименко және от қызметкерлері   қатысты.

 Дөңгелек үстел барысында   сот төрағасы  қатысушылардың назарына әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды толтыру кезінде және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді сотқа дайындау барысында орын алған қателіктер мен кемшіліктер жайлы жеткізді.

Сот  төрағасы  баяндамада әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды толтырудың негізгі ережелерін айтып өтті. Атап айтқанда, әкімшілік хаттаманы толтырған кезде айыпталу баптарының бейімділігін қатаң сақтау, яғни қысқаша әкімшілік құқық бұзушылықтың мәнін және құқық бұзышының субъектісін көрсету керек екенін айтып өтті, сонымен қатар хаттаманы толтырған кезде айыптау бабының фабуласын жазылу қажеттілігі, сонымен қатар  кейбір әкімшілік істер бойынша дәлелдемелерді жинақтау туралы айтылды.

Шара қорытындысында қатысушылар  өткізілетін іс-шаралар жұмыстың үйлесімділігіне оңтайлы әсер ететінін, заңдылықтың бұзылуына жол бермейтіндігін, әкімшілік жауапкершілікке тартылып жатқан адамның құқықығын сақталуына зор ықпалын тигізетінін айтып көрсетті.

Источник: 
Железин аудандық сотының баспасөз қызметі