Әйел адам қамауға алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шарбақты аудандық сотымен 37 жасар әйел адам қамауға алынды.

Ағымдағы жылдың 18 шілдесінде аудандық сотқа аталған азаматшаға қатысты әкімшілік іс келіп түсті.

Ол 21 маусым күні өзінің үйінде күйеуінің анасымен жанжал шығырып, оны балағаттаған. Құқықбұзушы дәл осындай  құқықбұзушылықты бір жылдың ішінде қайтара жасаған.

Сот отырысында құқықбұзушы кінәсін толығымен мойындап, істеген ісіне өкінді.

Сот қаулысымен оған 1 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Шарбақты аудандық сотының баспасөз қызметі