Архив событий

11/10/2021

Өткен аптаға қысқаша шолу

11/10/2021

Ағымдағы жылдың 4 мен 8-қазаны аралығында Павлодар облыстық соты қараған істерге қысқаша шолу.

Осы кезеңде 9 қылмыстық іс қаралды, сот актілері өзгеріссіз қалдырылды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша 6 іс қаралды, 2 бойынша жаңа шешімнің шығарылуымен сот актілерінің күші жойылды.

Әкімшілік істер жөніндегі алқа 3 әкімшілік істі қарады, сот актілері өзгеріссіз қалдырылды.

"Жаңадан құрылған Соттың сот төрелігін іске асыруы-100 күн ішінде "

11/10/2021

Бүгін 2021 жылғы 11 қазанда Павлодар облысының МАӘС Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Zoom қосымшасы арқылы "Жаңадан құрылған Соттың сот төрелігін іске асыруы-100 күн ішінде " тақырыбына баспасөз конференциясы өтті.

Баспасөз конференциясын сот төрағасы А. С. Бақтияров, судьялар Ұ. Н. Рахымғожина және Г. Х. Юсупова өткізді.

Іс-шараға "Ирбис" телеарнасы, "Ertis" телеарнасы, "Pavlodarnews" АА, "Сарыарқа самалы" және "Звезда Прииртышья"газеттерінің өкілдері қатысты.

Қаруды заңсыз сақтағаны үшін айыппұл

11/10/2021

Май аудандық сотымен  қаруды заңсыз алып және сақтағаны үшін (ӘҚБтК-нің 482 б. 1 б.) Май ауданының бір селосының тұрғынына қатысты әкімшілік іс қаралды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамасынан, Май аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс шарасын өткізу кезінде Май ауданының Көктөбе ауылының «Мықи» атты қысқы жайлауындағы У-атты тұрғынының үйінен атуға жарамды қос ауызды және тегі сұңғылы, 16 калибірлі атыс қаруы санатына жататын, құқық қорғау органдарында тіркелмеген,  мылтық табылып, тәркіленді.