Архив событий

20/10/2021

Павлодар облысының судьялары медициналық мекемелердің келісу комиссияларын оқытуға қатысты

20/10/2021

Ынтымақтастық туралы меморандум аясында Павлодар облысы кәсіподақтар аумақтық бірлестігінің шақыруымен Павлодар облыстық сотының судьясы Г. Тергемесов, Павлодар қалалық сотының судьялары В. Шевченко, Ж. Алишева, Е. Құсайынов «SENIM»  денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы Павлодар филиалының құрамына кіретін денсаулық сақтау мекемелерінің 80 қызметкері – келісу комиссияларының мүшелері үшін оқыту семинарына қатысты.

Сот үкімі немесе басқа сот актісін және сот бұйрығын орындамау

20/10/2021

Павлодар аудандық соты сот үкімін, немесе басқа сот актісін және атқару құжатын орындамау фактісі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасаған азамат К.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі сотта қарады.

Осылайша, Качир аудандық сотының сот ұйғырымы бойынша азамат К.-дан азамат М. –ның пайдасына кәмелетке толмаған баланы асырау үшін табыстың барлық түрінің ¼ мөлшерінде ай сайын алимент өндірілді. 2016 жылға берешек 1 502 822 теңге құрады.

Сот Ресей Федерациясының азаматшасын Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге шығарудан бас тартты

20/10/2021

Павлодар облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы Ресей Федерациясының азаматы Ч.-ны Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге шығарудан бас тарту туралы Павлодар қалалық сотының шешіміне түскен апелляциялық шағым бойынша істі қарады.

Бұрын азаматша Ч. қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олар бойынша жаза өтелді, айыппұл төленді.

Сотталғанға дейін және қазіргі уақытта Ч. балаларымен бірге Павлодар қаласында тұрақты тұрады.