Архив событий

08/10/2021

Медиация

08/10/2021

 

Отбасылық жанжал - бұл отбасы мүшелерінің арасындағы келіспеушілікті білдіретін ұғым. Кез келген отбасының өмірінде бұл келіспеушіліктер туындайды, кейде нағыз жанжалға ұласады.

Ашуға булығып, адамдар басқа адамға дөреке сөздер айтады. Бұл әрекет үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын көп адамдар білмейді.

Осылайша, Павлодар аудандық соты отбасы мүшелері арасында болған жанжал фактісі бойынша әкімшілік істерді қарайды. Мысалы,  бұл соттың мұрағатында ағасы мен қарындасының арасындағы жанжалға қатысты іс бар.

Мемлекеттік органмен татуласу

08/10/2021

Сотпен азамат К.-ның «Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне, Екібастұз қаласының әкіміне мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға алушы деп тану туралы талабын қою әкімшілік ісі бойынша татуластыру бекітілді.

Татуластыру шарттары:

1.Талапкер азаматша К. мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалға алушы деп тану туралы талап арызын қайтарып алады;

"Сот борышкердің сатылған пәтерге құқығын қалпына келтірді"

08/10/2021

Павлодар облысы МАӘС- ның шешімімен ЖСО-ның борышкердің мүлкін сауда-саттыққа шығару бойынша әрекеттері заңсыз деп танылды.

Талапкерге қатысты берешекті Банктің пайдасына өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу қозғалды.

2016 жылдан бастап 2021 жылға дейінгі кезеңде борышкердің пәтері электрондық аукционға төрт рет шығарылды. 

Ал Атқарушылық іс жүргізу туралы заңда атқарушылық іс жүргізу шеңберінде тыйым салынған мүлікті электрондық аукцион өткізу арқылы өткізу рәсімі екі реттен артық жүргізілмеуі көзделген.

"Сот уәкілетті органның бұйрығын жойды"

08/10/2021

Павлодар облысының МАӘС өнім берушінің уәкілетті органға өнім берушіні мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы бұйрықтың күшін жою туралы талап арызы бойынша әкімшілік іс қаралды.

Даулы бұйрықпен талап қоюшы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбеуіне байланысты шарт жасасудан жалтарғаны үшін мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілді.

Алайда, сотта аталған өнім беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізгені және жасалған шарт бойынша өз міндеттемелерін толық көлемде орындағаны анықталды.

ҚОНАҚ ҮЙДЕГІ ҰСАҚ БҰЗАҚЫЛЫҚ

08/10/2021

Ертіс аудандық соты Ертіс ауылындағы жол бойындағы қонақүйде ұсақ бұзақылық жасаған екі адамға қатысты екі әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалдарды қаралды.

2021 жылдың 3 қазанда сағат 05.00 шамасында мас күйінде тұрып жатқан екі азамат қонақ үй нөмерінде шулап, басқа тұрғындардың демалуына кедергі келтірді. Олар әкімшінің ескертуінан5армай, сонымен қатар олар дөрекі әдепсіздік білдіре бастады.

Сотта екі адамның да кінәсі іс материалдарымен толықтай дәлелденді.

Сот қаулысымен екі құқық бұзушыға қатысты сот екі тәулікке мерзімге әкімшілік қамауға алды.

Сот салық дауы бойынша талапты қанағаттандырды

08/10/2021

Павлодар облысының МАӘС-на жеке тұлға мемлекеттік кірістер органына салық бұйрығын даулау, салық берешегі және салық бойынша есепке алуды жүргізу міндеттемесі туралы хабарлама туралы жүгінді.

Талапкерге салық пен өсімпұлдың толық төленгеніне қарамастан, көлік салығы бойынша берешекті төлеу бойынша міндет заңсыз жүктелген.